Мерзімі өткен берешекті реттеу дегеніміз не?
Мерзімі өткен берешекті реттеу — кредит бойынша мерзімі өткен берешегі болғанда Қарыз алушыға кредит беру талаптарын өзгертуге мүмкіндік беретін «Freedom Bank Қазақстан» АҚ-тың рәсімі.
Қайта құрылымдау дегеніміз не?
Қайта құрылымдау – мерзімі өткен берешекті реттеу құралдарының бірі. Қайта құрылымдау Қарыз алушының қаржылық жағдайы немесе әлеуметтік жағдайы нашарлаған кезде немесе банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді өтеудегі уақытша қиындықтарын растайтын өзге жағдайларда қолданылады. «Freedom Bank Қазақстан» АҚ барлық қолданыстағы қарыздарға қайта құрылымдау жүргізуге болады.
Қандай жағдайларда қарызды қайта құрылымдауға болады?
  • Табыстың қысқаруы – жұмыстың болмауы немесе жалақының төмендеуі;
  • Декрет немесе бала күтімі бойынша демалыс;
  • Ауыр жарақат немесе ауру салдарынан еңбекке жарамсыздық;
  • Әскерде мерзімді әскери қызметін атқару;
  • Қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі – Қарыз алушы және онымен бірге тұратын жақын туыстарының бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылуы.
Қайта құрылымдауға өтінімді қалай беруге болады?
Төлем күнін өзгерту – онлайн.

Төлем күнін өзгерту барлық цифрлық өнімдер бойынша жүргізіледі (ерекшелік: Овердрафт ЖК, Freepay, МҚҰ, Даму және 01.04.2022 ж. дейін берілген қарыздар үшін).

  1. Қарыз алушының жеке кабинетінде (https://cabinet.bankffin.kz/login) мобильді телефон нөмірін, парольді енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз ;
  2. Қажетті кредит беру өнімін таңдаңыз;
  3. Бұдан әрі «Қосымша қызметтер» бөлімін таңдаңыз;
  4. «Төлем күнін өзгерту» батырмасын басыңыз ;
  5. «Жаңа төлем күні» батырмасын басып, талаптармен танысу қажет («Талаптармен таныстым және келісемін» жолын белгілеңіз), осыдан кейін «Өтінім беру;
  6. «ОТП жіберу» басыңыз, бұдан әрі Қарыз алушыға смс-хабарламасы арқылы ОТП-код жіберіледі, кодты енгізіңіз және растаңыз;
  7. Өтеудің жаңа күнін таңдап, «Жалғастыруды» басу қажет;
  8. Қарыз алушыға жаңа кестемен бірге өтінімнің нәтижесі және өтінішке жауап хат жіберіледі.

Міндетті түрде жаңа кестемен танысу қажет, өйткені төлем күні өзгергеннен кейін төлем сомасы ай сайынғы төлемнен өзгеше болуы мүмкін. Берілген өтінімнің мәртебесін «Өтінімдер тарихы» бөлімінен көруге болады.


Қарыз бойынша өсімпұлдың күшін жою – онлайн.

Өсімпұлдың күшін жою барлық ипотекалық өнімдер бойынша, сондай-ақ «Автокредит беру», «Цифрлық бизнес-кредит» және жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған басқа да өнімдер бойынша жүргізіледі (ерекшелік - МҚҰ).

  1. Қарыз алушының жеке кабинетінде (https://cabinet.bankffin.kz/login) мобильді телефон нөмірін, парольді енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз
  2. Қажетті кредит беру өнімін таңдаңыз ;
  3. Мерзімі өткен берешек пен өсімпұл сомалары, сондай-ақ шотта бар ағымдағы сома көрсетіледі;
  4. «Қосымша қызметтер» бөлімін таңдаңыз
  5. «Өсімпұлдың күшін жою» батырмасын таңдаңыз
  6. Тізімнен таңдау арқылы себебін көрсету керек
  7. Осыдан кейін Қарыз алушы смс-хабарлама арқылы ОТП-код алады, оны енгізу және растау қажет.

Берілген өтінімнің мәртебесін «Өтінімдер тарихы» бөлімінен көруге болады. Қарыз алушы өтінімнің нәтижесін хабарлама түрінде алады.
Маңызды: қарыз алушының Банктегі ағымдағы шоты ақшалай қаражатпен қамтамасыз етілуі тиіс.


Қайта құрылымдаудың өзге түрлері – Банк бөлімшесі.

Кредит бойынша мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мерзімі өткен берешекті реттеу үшін кірістің төмендеу себебін көрсетіп, растайтын құжаттармен қоса өтініш беріңіз. Банк бөлімшесіне келіңіз немесе [email protected] поштасы арқылы жолдаңыз. Банк өтінішті алғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтінішті қарайды.

Менеджер банктің шешімі туралы банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлайды. Банк төмендегілер туралы жауап береді:
- банктік қарыз шартының талаптарына ған өзгерістермен келісетіні туралы;
- банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары туралы;
- бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту туралы.


Қарызды кешенді реттеу
Ақпараттық хабар

Ондаған жолданымның орнына бір сервис: Қазақстанда кредиттер бойынша борыштарды реттеуге арналған платформа іске қосылады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп кредиттер бойынша берешекті реттеуге арналған finkelisim.kz бірыңғай цифрлық платформасын әзірледі. finkelisim.kz цифрлық платформасы медиация тәртібімен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша банк және микроқаржы омбудсмандары негізінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды.


Платформа кімдерге арналған?

Жаңа сервис бір уақытта бірнеше кредитор - банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер алдында тұтынушылық кепілсіз кредиттер, яғни мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға арналған.

Енді қарыз алушыға берешекті реттеу мәселелері бойынша әрбір кредиторға жеке-жеке жүгіну қажет болмайды. Ол finkelisim.kz платформасында олардың алдында міндеттемелері бар барлық кредитор қарайтын бір өтініш бере алады.

Медиатордың қызметтерін қоспағанда, қарыз алушының ұжымдық реттеу рәсіміне қатысуы тегін. Бұл ретте 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін медиатордың қызметтеріне төленетін шығыстар банк және микроқаржы омбудсмандарының есебінен өтелетін болады.

finkelisim.kz платформасы қарыз алушының барлық кредитор алдындағы берешегі туралы мәліметтерді автоматты түрде жинайды және жолданымды қарауға қажетті ақпаратты қалыптастырады.

Жолданымды қарау және кредиторлармен талаптарды келісу нәтижелері бойынша қарыз алушыға 5 жылға дейінгі мерзімге, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге берешекті өтеудің бірыңғай кестесі ұсынылуы мүмкін.


Платформада кімдер өтініш бере алады?

Платформада өтінішті бір уақытта мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қарыз алушы бере алады:

  • екі және одан да көп кредитор алдында кредиттер бойынша 90 күнге және одан да астам күнтізбелік күнге созылған мерзімі өткен берешегі бар;
  • редиттер бойынша жиынтық берешек 150 АЕК- 1 600 АЕК, яғни 2026 жылы 648 750 - 6 920 000 теңге аралығында болады;
  • берешек бойынша өндіріп алу туралы сот актілері, нотариустың атқарушылық жазбалары және мәжбүрлеп өндіріп алудың өзге де шаралары жоқ.

Бұл ретте ұжымдық реттеу рәсіміне мынадай қарыздары бар қарыз алушылар қатыса алмайды:

  • ипотекалық қарыздар;
  • автокредиттер;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыздар немесе микрокредиттер;
  • алаяқтық жолмен ресімделген кредиттер;
  • заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызмет өткеретін қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыру берілген кредиттер;
  • медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім қолданыста болған кредиттер;
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдері қолданылатын берешек.



Платформада қарыз алушының өтінішін қарау рәсімі қалай өтеді?

Ең алдымен қарыз алушы өзінің жеке басын растау және бөгде адамдардың өтініш беруін болдырмау үшін платформада тіркеуден, соның ішінде биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Содан кейін ол берешекті реттеуге өтініш береді.

Бұдан әрі платформа кредиттік бюроның деректері бойынша қарыз алушының ұжымдық реттеу шарттарына сәйкес келетіндігін автоматты түрде тексереді.

Егер қарыз алушы белгіленген шарттар мен өлшемшарттарға сәйкес келсе, платформа реттеу аясына енгізілуі мүмкін кредиттер тізімін жасайды және бұл ақпаратты кредиторларға жібереді.

Кредиторлар қарыздар бойынша мәліметтерді тексереді және берешек мөлшерін растайды. Осыдан кейін платформада қарыз алушыға қол қою үшін құжаттар жіберіледі: омбудсманның шешімі бар хаттама, қарызды өтеудің бірыңғай кестесі, медиатормен шарт, сондай-ақ әрбір кредитормен медиативтік келісімдер.

Қарыз алушы ұсынылған шарттармен танысып, платформада 72 сағат ішінде құжаттарға қол қоюға тиіс. Егер осы мерзімде құжаттарға қол қойылмаса, бұл реттеу рәсіміне қатысудан бас тарту болып саналады.

Құжаттарға қол қойылғаннан кейін кредиторлар реттеу рәсіміне енгізілген кредиттер бойынша берешекті өндіріп алуды тоқтата тұрады.

Бұдан кейін қарыз алушы бірыңғай кесте бойынша төлемдерді енгізеді, ал платформа ақшаны берешек мөлшеріне теңбе тең кредиторлар арасында бөледі.

Ұжымдық реттеу рәсімін қолдану және оның аяқталуы туралы ақпаратты кредиторлар кредиттік бюроларға жіберетін болады.

Егер қарыз алушы қол қойылған келiсiмдердiң шарттарын орындамайтын болса, кредитор төлемдердiң 40 күн мерзiмi өткеннен кейiн заңдарда белгiленген тәртiппен берешектi өндiрiп алуға құқылы.

Бұл ретте қарыз алушының берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қайтадан қатысуына жол берілмейді.

Кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға мүмкiндiгi жоқ қарыз алушылар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабiлетiн қалпына келтiру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде соттан тыс банкроттық рәсiмiн қолдануға өтiнiш беру туралы мәселенi қарауға құқылы.

Жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығына өтініш беру тәртібімен egov.kz электрондық үкімет порталында https://egov.kz/cms/ru/services/economics/pass_P1_mf сілтемесі бойынша танысуға болады.


Берешекті өтеудің бірыңғай кестесі қалай қалыптастырылатын болады?

Бірыңғай кесте қарыз алушының берешегінің жалпы сомасын ескере отырып қалыптастырылатын болады.

Жалпы шарттарда қарыз алушылар үшін:

  • жиынтық берешек 1 млн теңгеге дейін болған кезде ең жоғары ай сайынғы төлем 12 ай мерзімге 84 мың теңгені құрайды;
  • 5-7 млн теңге аралығындағы жиынтық берешек кезінде ең жоғары ай сайынғы төлем 60 ай мерзімге 117 мың теңгені құрайды.


Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін неғұрлым жеңілдетілген жағдайлар көзделген:

  • жиынтық берешек 1 млн теңгеге дейін болған кезде ең жоғары ай сайынғы төлем 18 ай мерзімге 56 мың теңгені құрайды;
  • 5-7 млн теңге аралығындағы жиынтық берешек кезінде ең жоғары ай сайынғы төлем 84 ай мерзімге 84 мың теңгені құрайды.

Берешекті реттеу талаптары

Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ) бойынша мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қарыз алушы-жеке тұлға Банкке келуге және оның БҚШ талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін БҚШ бойынша міндеттемелерін орындаудың мерзімін өткізу себептері, кірістері және басқа расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын
календарь
сонымен қатар төмендегілермен байланысты өтінішті жазбаша нысанда ұсынуға құқылы:
  • шетел валютасында берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыш қалдығы сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертумен;
  • негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдырумен;
  • берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, соның ішінде негізгі борышты басым тәртіпте өтеуге өзгертумен;
  • банктік қарыз мерзімін өзгертумен;
  • кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше сатуымен;
  • Банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін беру арқылы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы;
  • ҚР заңнамасында көзделген өзге шаралар.
календарь

Қарыз алушы талаптарды орындамаған жағдайда Банк қабылдайтын шаралар

ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес Қарыз алушының Банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіпте өндіріп алу, соның ішінде төлем талаптарын қою арқылы өндіріп алу;

Банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгіну, сондай-ақ кепілге берілген мүлікті соттан тыс тәртіпте (Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе сот тәртібінде өндіріп алу;

Берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу мақсатында коллекторлық агенттікке беру;

ҚР заңнамасының талаптарын сақтай отырып, банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап ету құқығын) беру;

Мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша байланысуға болатын қызметкерлердің тізімі

ID Филиал Аты-жөні Мекенжайы
1 Алматы Базильжанов Ерлан Бейсенович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі 1201,
Абылай хан даңғылы, 141-үй, 101-офис
2 Алматы Айтбаев Арман Нурмаханович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі6167,
Абылай хан даңғылы, 141-үй, 101-офис
3 Алматы Дуйсенов Жаннур Дастанбекұлы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі6167,
Абылай хан даңғылы, 141-үй, 101-офис
4 Алматы Қалығұл Әсет Досымұлы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі6167,
Абылай хан даңғылы, 141-үй, 101-офис
5 Алматы Шайжанов Аман Нуритдинович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі1517,
Абылай хан даңғылы, 141-үй, 101-офис
6 Астана Калдарбеков Айдар Маратбекович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі2046,
мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 33/1, «iPlaza» БО, 1-қабат (ғимараттың оң қанаты)
7 Астана Бурамбеков Талгат Хамитович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі2065,
мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 33/1, «iPlaza» БО, 1-қабат (ғимараттың оң қанаты)
8 Астана Досанов Арман Хакимжанович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі1090,
мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 33/1, «iPlaza» БО, 1-қабат (ғимараттың оң қанаты)
9 Астана Кушалиев Беймбет Маратович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі6075,
мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 33/1, «iPlaza» БО, 1-қабат (ғимараттың оң қанаты)
10 Ақтөбе Тасимов Амандык Ильтызырович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3030,
Ә. Молдағұлова даңғылы, 44 – 77А
11 Ақтөбе Нұртазин Асхат Әбдірахманұлы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3034,
Ә. Молдағұлова даңғылы, 44 – 77А
12 Ақтөбе Телин Олжас Әділханұлы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3028,
Ә. Молдағұлова даңғылы, 44 – 77А
13 Ақтау Ахмедов Марат Нуруллаевич мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі2644,
17-ықшам аудан, 22-ғимарат,«Urban» БО, 2-қабат, 218-кабинет
14 Ақтау Елемесов Раимбек Рахатұлы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі2619,
17-ықшам аудан, 22-ғимарат,«Urban» БО, 2-қабат, 218-кабинет
15 Атырау Тулепов Нурлан Кенганович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3229,
Құлманов көшесі, 111В
16 Атырау Жумабеков Рабил Беймбетович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3229,
Құлманов көшесі, 111В
17 Қарағанды Жумашев Жанат Несипбаевич мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3615,
Строителей даңғылы, 25-үй
18 Көкшетау Хасенов Ерлан Амангалиевич мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3831,
Н. Назарбаев даңғылы, 4/2
19 Қостанай Карабалин Сагиндык Булатович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3715,
Әл-Фараби даңғылы, 65, «СИТИ» БО
20 Қызылорда Мирзакулов Даулет мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3191,
Ахмет Байтұрсынов көшесі, 80, 2-қабат
21 Павлодар Султангазин Рустем Мухтарович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3338,
Академик Бектұров көшесі, 50/1, 2-қабат
22 Өскемен Кулетаев Ринат Какимжанович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3531,
Қабанбай батыр көшесі, 128/1, 2-қабат
23 Шымкент Боранбаев Нуркен Дауренулы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3946,
Қазыбек би көшесі, 4-ғимарат, 1-қабат.
24 Шымкент Бержанов Нуржан Раушанбекұлы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3908,
Қазыбек би көшесі, 4-ғимарат, 1-қабат.
25 Шымкент Бекбосын Мұхамеджан Әбубәкірұлы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3959,
Қазыбек би көшесі, 4-ғимарат, 1-қабат.
26 Шымкент Ешенқұл Ғалым Әнуарұлы мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3994,
Қазыбек би көшесі, 4-ғимарат, 1-қабат.
27 Шымкент Ниязбеков Нургали Жаппарханович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3946,
Қазыбек би көшесі, 4-ғимарат, 1-қабат.
28 Талдықорған Каймульдин Марат Садуович мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі6015,
Толебаева көшесі 39/41
29 Орал Елеуова Шолпан Мухтаровна мобильді телефоннан 595 нөміріне, ішкі нөмірі3278,
Ескалиева көшесі 158

Банктік қызметтерді көрсету және банктердің

банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесіне:

Банк қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі өткен жағдайда, қарыз алушы – жеке тұлға мерзімін өткізіп алу туындаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Банкке жеке өзі жүгінуге не жазбаша нысанда немесе Шартта көзделген тәсілмен өтініш ұсынуға құқылы. Өтініште мерзімін өткізіп алу себептері, табыс мөлшері және Шарт талаптарына өзгерістер енгізу қажеттілігін негіздейтін өзге де расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Банк қарыз алушының өтінішін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды және қарау нәтижелері бойынша қарыз алушыға келесі жауаптардың бірін жібереді:

  • Шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
  • Шарт талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары туралы;
  • Шарт талаптарын өзгертуге бас тарту туралы, бас тарту себептерінің негізделген түсіндірмесін көрсете отырып.


Өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда немесе Банктің негізделген бас тартуын алған кезде, қарыз алушы сотқа жүгінгенге дейін тұтынушылық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында жасалған банк қарызы шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда банк омбудсманына жүгінуге құқылы.

Банк қарыз алушылардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында, Банктің ішкі құжаттарында және Шарт талаптарында белгіленген тәртіппен, мерзімдерде және тәсілдермен қарауды қамтамасыз етеді.

Қарыз алушы Банкке өзінің қаржылық және (немесе) әлеуметтік жағдайының нашарлағанын, Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін растайтын құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ Шарт талаптарын өзгерту мәселесін қарау үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынуға құқылы.

Қарыз алушының өтінішін қарау кезінде Банк оның қаржылық жағдайына, төлем қабілеттілігіне, ұсынылған құжаттарға және Шарт талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдау үшін маңызы бар өзге де мән-жайларға талдау жүргізеді.

Банк пен қарыз алушы арасында келісімге қол жеткізілген жағдайда, Шарт талаптарын өзгерту тиісті келісімді жасасу арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген өзге де тәсілмен жүзеге асырылады.
Қарыз алушының Шарт талаптарын өзгерту туралы өтініш жасау тәртібі, мерзімі өткен берешекті реттеу шаралары, қарыз алушының құқықтары және оның құқықтарын қорғау тәсілдері туралы ақпарат Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және қарыз алушының сұратуы бойынша ұсынылады.

Қарыз алушылардың өтініштерін қарау барысында Банк қарыз алушының қаржылық жағдайын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, объективтілік, ашықтық, адалдық және жеке тәсіл қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін берешекті өндіріп алу сатысына қарамастан, берешекті реттеу туралы өтінішпен Банкке жүгінуге құқылы.

Қарыз алушы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген шараларды, оның ішінде заңнамада және Шартта көзделген жағдайларда берешекті даусыз тәртіппен өндіріп алуды, сондай-ақ берешекті өндіріп алуға бағытталған өзге де шараларды қолдануға құқылы.

Қарыз алушы Банктің берешекті, оның ішінде мерзімі өткен берешекті өтеу туралы талаптарын орындамаған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Банк:

  • Шартта тиісті талап көзделген жағдайда, берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге;
  • Шарт бойынша құқықты (талап етуді) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұлғаларға беруге;
  • Берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен кепілге қойылған мүлікке соттан тыс немесе сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға құқылы.


Қарыз алушының құқықтары, берешекті реттеу тәртібі, өтініштерді беру тәсілдері және оларды қарау тәртібі туралы ақпарат Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.