Қайта құрылымдау дегеніміз не?

Қайта құрылымдау – бұл Freedom Bank-тегі несиені өтеуімен қиындықтар туындаған кезде, қарыз алушы несиелендіру шарттарын өзгерте алатын рәсім.


Қарызды қайта құрылымдауға қандай жағдайларда жүгінуге болады?

  • Табыстың азаюы – жұмыстың болмауы немесе еңбекақының төмендеуі;
  • Декрет немесе бала күтіміне байланысты демалыс;
  • Жарақат немесе ауру себебінен еңбекке жарамсыз болу;
  • Әскерде жедел әскери қызметтен өту;
  • Қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі — қарыз алушының және онымен бірге тұратын жақын туыстарының әлеуметтік осал топтарына жатқызу.

Мерзімі өткен берешекті реттеу дегеніміз не?

Мерзімі өткен берешекті реттеу — бұл Freedom Bank-тің рәсімі, оның аясында қарыз алушы мерзімі өткен несие берешегі болған кезде несие шарттарын өзгерте алады.

Реттеу үшін қарыз бойынша мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өтініш беру қажет.*

*«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 36-бабына сәйкес

Себептердің толық тізімімен, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады:

Қайта құрылымдау/мерзімі өткен берешекті реттеу туралы өтінішті қарастыру үшін құжаттар тізбесі


Өтінішті қалай беруге болады?

1Табыстың төмендеу себебін көрсете отырып өтініш беріңіз және растайтын құжаттарды қоса беріңіз. Мұны банк бөлімшесінде жасауға немесе [email protected] поштасына жіберуге болады.

2Банк өтінішті алғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде өтінішті қарайды.

3 Менеджер банктің шешімі туралы банктік қарыз шартында көзделген тәсілде хабарлайды

3.1 Егер банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту мақұлданса, онда сізге құжаттарға қол қою күні мен уақыты тағайындалады;

3.2 Егер шарттарды өзгертуден бас тартылса, онда бас тарту осы нысан түрінде беріледі: Реттеуден бас тарту нысаны

Қайта құрылымдауды/мерзімі өткен берешекті реттеуді жүргізуге арналған өтініш нысаны

Қайта құрылымдау және мерзімі өткен берешекті реттеу қандай қарыздар үшін қолданылады?

Freedom Bank-тің барлық қолданыстағы қарыздар үшін.


Байланыс

Қосымша кеңес алу үшін поштаға жазыңыз [email protected] немесе банк бөлімшесіне хабарласыңыз:

Астана қ., Қабанбай Батыр д., 9/2
+7 7172 595 595 (ішкі 2002)
Астана қ., Момышұлы к., 22/14
+7 7172 595 595 (ішкі 2002)
Астана қ., Мәңгілік Ел д., 33/1
+7 7171 595 595 (ішкі 2023, 2057/2065, 2015)
Астана қ., Қабанбай Батыр д., 34/1, ІК 3 (Priority Banking)
+7 7172 595 595 (ішкі 2110, 2106)
Алматы қ., Құрманғазы к., 61А
+7 7172 595 595 (ішкі 1502)
Алматы қ., Төле би к., 55
+7 7272 595 595
Қарағанды қ., Әбдіров д., 12
+7 7212 595 595 (ішкі 3610)
Ақтөбе қ., Молдағұлова д., 44-77А
+7 7132 595 595 (ішкі 3017)
Павлодар қ., Сәтбаев к., 38/1
+7 7182 595 595 (ішкі 3327)
Шымкент қ., Қазыбек би к., 4
+7 7252 595 595 (ішкі 3929)
Өскемен қ., Қабанбай батыр к., 128/1
+7 7232 595 595 (ішкі 3512)
Ақтау қ., 17 ықшам аудан, 22
+7 7172 595 595 (ішкі 2606)
Қостанай қ., Әл-Фараби д., 65
+7 7172 595 595 (ішкі 3706, 3712, 3717, 3713)
Тараз қ., Қазыбек би к., 111А
+7 7172 595 595 (ішкі 3117)
Атырау қ., Құлманов к., 111
+7 7172 595 595
Семей қ., Байсейітов к., 29
+7 7272 595 595 (ішкі 3572)
Көкшетау қ., Назарбаев д., 4/2
+7 7162 595 595 (ішкі 3818)
Қызылорда қ., Байтұрсынұлы к., 80
+7 7171 595 595 (ішкі 3175)