Артықшылықтары

Ыңғайлы

NFC (Android) функциясы бар смартфон және Freedom
POS қолданбасы қажет

Қауіпсіз

Барлық деректер
шифрланған түрде беріледі,
ақпарат смартфонда сақталады

Толығымен онлайн

Сатып алу чегі поштаға
немесе мессенджерге бірден жіберіледі

Телефонға қойылатын талаптар

Android 11.0 ОЖ базасындағы және NFC функциясы бар смартфон

Құрылғының бос жадысы

200 MB

Операциялық жадысы

2GB және одан жоғары

Деректерді беру үшін тұрақты интернет

Тарифтер

0.8%

Freedom және басқа банктердің карталары

Шарттары

Ақша айналымы 45 млн ₸ аспайтын ЖК арналған тарифтер.

Айналым 45 млн ₸ жеткенде, тарифтік жоспар қызмет түріне сәйкес жеңілдікті немесе стандартты тирифке автоматты түрде ауыстырылады.

0.8%

Freedom Bank карталары

1.6% бастап

басқа банктердің карталары

Мобильді төлем терминалын қалай қосуға болады

Подключитесь к услуге

1

Өтінім қалдырыңыз

ЖСН, телефон нөмірін толтырып, бейне сәйкестендіруден
өтіңіз және құжаттарға ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз

Өтінім беру

2

Деректеріңізді көрсетіңіз

Сіздің e-mail және сауда нүктесінің мекенжайы

3

Төлемдерді қосыңыз

Freedom POS қолданбасын орнатып, төлем
қабылдауды бастаңыз

Freedom POS қолданбасын орнатып, төлем қабылдауды бастаңыз

Жүктеп алу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Жүктеп алу Орнату бойынша нұсқаулық

Сұрақтар мен жауаптар

Қолданбаны iOS операциялық жүйесіне қалай қосуға болады?
Қолданбаны NFC функциясы бар Android 11.0 және одан кейінгі ОЖ қолдайтын құрылғыларда
ғана орнатуға болады.
Басқа жағдайларда физикалық POS-терминалды қолдануға болады.
Контактісіз төлемдер дегеніміз не?
Бұл төлем құралы (карта, смартфон, сағат) мен терминал арасында физикалық байланыссыз
жүргізілетін есеп айырысу әдісі. Яғни, төлем жасау үшін картаны немесе смартфонды
терминалға 2-4 сантиметрге жақындату жеткілікті
Freedom POS кімге ыңғайлы болады?
Freedom POS-ты барлық кәсіпкерлер қолдана алады. Егер сіздің қызметіңіз сауда,
тауарларды жеткізу, курьерлердің жұмысы, сырттағы іс-шаралар немесе тасымалдаумен
байланысты болса, онда Freedom POS өзінің ұтқырлығы есебінен төлемдерді қабылдаудың
ыңғайлы құралына айналады. Өзіңізбен бірге алып жүру және төлем жүргізу ыңғайлы
Freedom POS орнату үшін смартфонға қандай талаптар қойылады?
Қолданбамен жұмыс істеу үшін сізге NFC қолдайтын смартфон,
сондай-ақ деректер беру үшін тұрақты интернет-байланыс қажет.
  • Freedom POS Android 11.0 және одан кейінгі нұсқаларды қолдайтын мобильді
    құрылғыларда жұмыс істейді
  • Кемінде 2 GB оперативтік жады қажет
  • Құрылғының ішкі жадысында 200 MB кем болмайтын бос орын қажет
Есеп айырысу шотын ашуым қажет пе?
Freedom POS қосуға өтінім берілгенде сізге Freedom Bank-те есеп айырысу шоты ашылады.
Смартфондағы терминал арқылы жүргізілген барлық операциялар осы шотқа түседі.
Freedom POS-қа қосылу қанша тұрады?
Freedom POS-қа қосылу құны — 0 теңге
Төлемдер шотқа қашан түседі?
Қаражат демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, келесі күні түседі.
Freedom POS арқылы төлемдер қабылдауды қалай бастау қажет?
1. Тіркелу үшін сайт арқылы өтінім беріңіз;
2. Freedom POS қолданбасын Google Play/Play Market арқылы жүктеңіз;
3. Банктен СМС арқылы жіберілген логин мен құпия сөзді енгізіңіз;
4. Қолданбаға кіру үшін жаңа код енгізіңіз немесе саусақ ізін сканерлеңіз. Код
бір рет орнатылады.
5. Дайын! Сіз Freedom POS арқылы операциялар жүргізе аласыз
Freedom POS қандай төлем тәсілдерін қабылдайды?
Freedom POS арқылы төлем жүйелерінің (Visa, MasterCard және Union Pay) карталарымен,
сондай-ақ Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Garmin Pay арқылы төлем қабылдауға болады.
Freedom POS қолданбасында қандай операциялар қолжетімді?
  • Төлем қабылдау (төлеу)
  • Операцияларды қарау
  • Күшін жою және қайтару
  • Сатып алушыға чек жіберу