Акция

Оның иеленушісінің компаниядағы үлеске, дивидендтер алуға және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз.

Ықтимал артықшылықтары:

Дивидендтер алу мүмкіндігі

Нарықтық құнының ықтимал өсуі

Компанияның дамуына қатысу

Негізгі тәуекелдер:

Нарықтық тәуекел

Өтімділік тәуекелі

Эмитенттің кредиттік тәуекелі

Облигациялар

Облигация – эмитенттің белгіленген мерзімде инвесторға атаулы құнын және сыйақысын төлеу міндеттемесін куәландыратын борыштық бағалы қағаз.

Ықтимал артықшылықтары:

Купондық кіріс

Алдын ала белгіленген өтеу шарттары

Құрал айналымының түсінікті мерзімі

Негізгі тәуекелдер:

Пайыздық тәуекел

Өтімділік тәуекелі

Эмитенттің кредиттік тәуекелі

ETN

ETN (Exchange Traded Note) – құны базалық активтің немесе индекстің құнына тәуелді болатын биржалық нота. Freedom валютасы AIX биржасында листингтен өткен және саудаланатын ETN-нің ақшалай баламасы болып табылады. Freedom экожүйесінің жекелеген өнімдері мен сервистері бойынша клиенттерге Freedom валютасы түрінде кешбэк есептелуі мүмкін.

Ықтимал артықшылықтары:

Базалық активтің немесе индекстің динамикасына қол жеткізу

Базалық активпен түсінікті байланыс

Негізгі тәуекелдер:

Нарықтық тәуекел

Өтімділік тәуекелі

Эмитенттің кредиттік тәуекелі

ETF

Биржалық қор (ETF) – инвесторға бір мезгілде әртүрлі активтерге қаражат салу мүмкіндігін беретін қаржылық құрал. Бұл қор белгілі бір бағалы қағаздардың динамикасын қадағалайды және нақты бір салаға немесе өңірге инвестициялауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ETF белгілі бір бағалы қағаздар индексін қадағалай алады, осыған байланысты инвесторға жекелеген акцияларды өз бетінше таңдаудың қажеті жоқ.

Ықтимал артықшылықтары:

Әртараптандыру

Өтімділік

Қор құрылымының ашықтығы

Негізгі тәуекелдер:

Нарықтық тәуекел

Өтімділік тәуекелі

Қаржылық тетігі бар ETF үшін – қарыз қаражатын пайдалануға байланысты тәуекел деңгейі жоғары.

РЕПО операциялары

РЕПО – бағалы қағаздарды алдын ала келісілген бағамен белгіленген мерзімде кері сатып алу (сату) міндеттемесімен жасалатын сату (сатып алу) мәмілесі.

Ықтимал артықшылықтары:

Қаражатты қысқа мерзімге орналастыру

Бағалы қағаздармен қамтамасыз етудің болуы

Мәміле мерзімінің алдын ала белгілі болуы

Негізгі тәуекелдер:

Контрагент тәуекелі

Өтімділік тәуекелі

Қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекелі

Инвестор сөздігі - глоссарий

Акция

Иеленушісінің компаниядағы үлеске, дивидендтер алуға және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Брокер

Клиенттің тапсырмасы бойынша қаржылық құралдармен операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Брокерлік шот

Клиенттің қаражатын, бағалы қағаздарын және өзге қаржылық құралдарын есепке алуға арналған шот

Құбылмалылық

Белгілі бір уақыт кезеңінде қаржылық құрал құнының өзгеру дәрежесі.

Валюталық тәуекел

Шетел валютасы бағамдарының өзгеруі нәтижесінде шығынға ұшырау тәуекелі.

Freedom валютасы

Құны базалық актив – Freedom Holding Corp (FRHC) акциясының құнына тәуелді ETN қаржылық құралы.

Дивидендтер

Компания пайдасының акционерлерге төленуі мүмкін бөлігі.

Әртараптандыру

Тәуекелдерді төмендету мақсатында инвестицияларды әртүрлі қаржылық құралдар арасында бөлу.

ETF

Пайлары қор биржасында айналысқа түсетін және бірден активтердің тұтас жиынтығына инвестициялауға мүмкіндік беретін инвестициялық қор.

ETN

Құны базалық активтің немесе индекстің құнына тәуелді болатын және эмитенттің міндеттемесін білдіретін биржалық нота.

Инвестициялық портфель

Инвесторға тиесілі қаржылық құралдардың жиынтығы

Купон

Облигация иелеріне төленетін пайыздық кіріс.

Кредиттік тәуекел

Эмитенттің инвестор алдындағы өз міндеттемелерін орындамау тәуекелі

Өтімділік

Қаржылық құрады нарықтық бағамен жылдам сатып алу немесе сату мүмкіндігі.

Облигация

Эмитенттің белгіленген мерзімде инвесторға атаулы құнын және сыйақысын төлеу міндеттемесін куәландыратын борыштық бағалы қағаз.

РЕПО

Эмитенттің белгіленген мерзімде инвесторға атаулы құнын және сыйақысын төлеу міндеттемесін куәландыратын борыштық бағалы қағаз.

Нарықтық тәуекел

Нарықтық жағдайдың өзгеруі салдарынан қаржылық құрал құнының төмендеу тәуекелі.

Эмитент

Қаржыландыруды тарту мақсатында бағалы қағаздар шығаратын ұйым.

IPO

Компанияның акцияларын қор биржасында бастапқы жария орналастыру.

Ұқсас мақалалар

Санаты

Қаржылық сауаттылық

Сұрақтарыңыз бар ма?

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптармен, түсінікті нұсқаулықтармен және бейнематериалдармен танысу үшін білім базасына өтіңіз

FAQ ашу

Сұрақтар мен жауаптар

Брокер деген кім?
Клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесі үшін эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржылық құралдармен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Брокерлік қызмет көрсету дегеніміз не?
Брокерлік қызмет көрсету – клиенттің бағалы қағаздар нарығында операциялар жүргізуі үшін брокер ұсынатын қызметтердің кешені. Оған мыналар кіреді:
  • клиенттің брокерлік шотын ашу және жүргізу;
  • клиенттің қаржылық құралдарын сатып алу және сату жөніндегі тапсырмаларын (бұйрықтарын) орындау;
  • клиенттің бағалы қағаздарын номиналды ұстау;
  • жасалған операциялар бойынша есептер ұсыну;
  • клиентті қаржылық құралдардың тәуекелдері мен сипаттамалары туралы хабардар ету.
Акция мен облигацияның айырмашылығы неде?
Акция компанияның капиталындағы үлесті растайды, ал облигация эмитенттің инвестор алдындағы борыштық міндеттемесі болып табылады.
Қандай бағалы қағаздар ең сенімді болып саналады?
Ең сенімді бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы қағаздар жатады. Алайда кез келген қаржылық құрал белгілі бір деңгейдегі тәуекелмен байланысты болғандықтан, инвестициялау алдында оның сипаттамаларымен және ықтимал тәуекелдерімен танысу қажет.
Инвестициялардың кірістілігіне кепілдік беріле ме?
Жоқ. Қаржылық құралдардың кірістілігіне кепілдік берілмейді. Өткен кезеңдердегі кірістілік болашақта табыс алуға кепілдік бермейді.
Қосымша сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады?
Клиенттер «Фридом Банк Қазақстан» АҚ Трейдинг департаментіне жүгіне алады немесе Банктің сайтында көрсетілген байланыс деректерін пайдалана алады.