нашар көретіндер үшін
595

Артықшылықтар

Құпиялылық

Сізден және сенімді тұлғаларыңыздан басқа ешкім банк ұяшығында не сақталғанын білмейді

Өлшемді таңдау

Құндылықтарыңыз үшін ұяшықтың қолайлы өлшемін таңдаңыз

Сенімхат

Ұяшықты пайдалану құқығын сенімді тұлғамен бөлісіңіз

Жалға алу мерзімі

1 күнтізбелік күннен бастап 365 күнтізбелік күнге дейін (мерзімін ұзарту мүмкіндігімен)

Қызмет көрсету мерзімі

Банкпен қарастырылған тексерулерден сәтті өту шартымен берілген сәттен бастап 1 жұмыс күнге дейін

Сақтау шарттары

Ұяшықта сақтауға болады

Зергерлік бұйымдар

Өнер заттары

Құжаттар

Ақшалай қаражат

Басқа да құндылықтар

Ұяшықта сақтауға болмайды

Атыс, газды және суық қару

Химиялық, уытты, жарылыс қаупі бар және тез тұтанатын заттар

Сейфтің кез келген зақымдануына әкеп соғуы, банкке және клиенттерге зиян келтіруі мүмкін заттар

Ықтимал тәуекелдер

  • Жалға алу мерзімі мерзімінен бұрын аяқталған кезде комиссия қайтарылмайды
  • Банк алдында берешек болған кезде ол толық өтелгенге дейін жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін құндылықтарды алып қою
  • Өрт, су басу немесе апат салдарынан мүліктің бүлінуі
  • ҚР мемлекеттік органдарының ресми сұрау салуы бойынша ақпарат пен құндылықтарды ұсыну

Сейф ұяшығын қалай жалға алуға болады

1

Бөлімшеге хабарласыңыз

Сізге тек жеке басты куәландыратын құжат ғана қажет

2

Өтініш беріңіз

Құжаттарға қол қойып, жалға алу ақысын төлеңіз

3

Дайын!

Құндылықтарды сейф ұяшығына орналастырыңыз

Ұяшықты жалға алудың барлық шарттары

Тарифтерді жүктеп алу

Сұрақтар мен жауаптар

Банкте сейф ұяшықтарының қандай өлшемдері бар?

Банкте сейфтердің үш өлшемі бар:

  • Кіші: 450×245×80 мм.
  • Орташа: 450×245×140 мм.
  • Үлкен: 450×245×450 мм.

Сейф ұяшығының әрбір өлшемді түрін жалға алу құны әртүрлі, тарифтерді төмендегі жауапта көрсеттік.

Сейф ұяшығын жалға алу қанша тұрады?

Комиссия теңгемен көрсетілген.

Кіші сейф

  • 1 күн — 500
  • 1 ай — 4 000
  • 3 ай — 9 000
  • 6 ай — 15 000
  • 9 ай — 23 520
  • 12 ай — 28 000

Орташа сейф

  • 1 күн — 1 000
  • 1 ай — 5 600
  • 3 ай — 14 200
  • 6 ай — 27 000
  • 9 ай — 40 500
  • 12 ай — 47 000

Үлкен сейф

  • 1 күн — 1 500
  • 1 ай — 9 000
  • 3 ай — 24 000
  • 6 ай — 40 000
  • 9 ай — 58 000
  • 12 ай — 75 000

Сейф ұяшықтарын жалға алу тарифтерімен толығырақ Банк сайтында, «Құжаттар» → Жеке тұлғаларға → Тарифтер → «Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде төлем карталары бойынша банктің комиссиялық сыйақы тарифтері» бөлімінде танысуға болады. Құжат PDF форматында ашылады.

Сейф ұяшықтарын жалға алудың барлық шарттарын үйрену үшін Банк сайтындағы «Құжаттар» бөлімін ашыңыз → Жеке тұлғаларға → «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-та операцияларды жүргізудің және банктік шоттар мен төлем карталарын ашудың, жүргізудің, жабудың жалпы шарттары. Құжат PDF форматында ашылады.

Сейф ұяшығын қай уақытта пайдалануға болады?

Сіз өзіңіздің сейф ұяшығыңызға оны жалға алған Банк бөлімшесінің жұмыс уақыты кезінде өте аласыз. Дәл осы бөлімшенің жұмыс уақытында келіңіз және демалыс пен мереке күндерін ескеруіңізді сұраймыз.

Банк бөлімшелерінің жұмыс кестесін сайттағы «Офистер» бөлімінен әрқашан қарай аласыз.

Сейф ұяшығын жалға алу мерзімін қалай ұзартуға болады?

Сейф ұяшығын жалға алу мерзімін Банк бөлімшесінде ұзартуға болады.

Осы әрекетті шарт аяқталатын күнге дейін жасауға кеңес береміз: егер одан кейін хабарлассаңыз, банк тарифтеріне сәйкес мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін комиссия төлеу қажет болады. Назар аударыңыз, тарифтер өзгеруі мүмкін. Мерзімі өткен кезеңде сақтау комиссиясын Банк сіз өтініш берген сәтте қолданыста болған тарифтерге сәйкес есептейді.

Сейф ұяшығын жалға алу мерзімі уақытында ұзартылмаса не болады?

Егер сіз сейф ұяшығын жалға алу мерзімін уақытында ұзартпасаңыз, Банк оның ішіндегісін 3 ай бойы сақтауды жалғастырады. Бұл ретте мерзімі өткен әрбір күн үшін Банк тарифтеріне сәйкес комиссия ұсталады. Егер 3 айдан кейін Банкке хабарласпасаңыз, бөлімше қызметкерлері ұяшықтарды мәжбүрлі түрде ашады да, ішіндегісін тізімдейді және бөлімшенің қоймасына орналастырады. Сіздің мүлкіңізді қоймада сақтау комиссиясы күніне 300 теңгеге тең болады.

Сейф ұяшығының кілті жоғалып кетсе немесе сынып қалса не істеу керек? Кілттердің телнұсқасын алуға бола ма?

Егер негізгі кілт жоғалса немесе сынса, бұл туралы ұяшықты жалға алған Банк бөлімшесіне хабарлаңыз. Біздің қызметкерлер жаңа кілтті жасау үшін бөлімшедегі сейф депозитарийіне қызмет көрсететін серіктеске хабарласады.

Біздің барлық серіктестеріміз кілттердің телнұсқасын жасай бермейді. Егер бөлімше серіктесінде осындай қызмет болмаған жағдайда, құлыпты ауыстыру қажет болады. Бұл қызметтердің құнын ұяшықты жалға алған Банк бөлімшесінен білуге болады.

Сенімді тұлғаңыз үшін кілттің телнұсқасы қажет болған жағдайда да, өзіңіздің Банк бөлімшесіне хабарласыңыз.

Сейф ұяшығының кілтін үшінші тұлғаға (досыңызға, туысыңызға немесе әріптесіңізге т.б.) беруге бола ма?

Банк нотариуспен куәландырылған сенімхат негізінде үшінші тұлғаға ұяшыққа бару үшін өз рұқсатын береді. Сенімхатта сенімді тұлғаңызға беретін өкілеттіктерді нақты жазу қажет. Мысалы: сейф ұяшығын ашу, одан құндылықтарды алу, сейф ұяшығына жаңа құндылықтарды салу, шарттың мерзімін ұзарту, шартты жабу және тағы басқалар.

Егер мен сейф ұяшығын мерзімінен бұрын жапсам, Банк пайдаланылмаған жалға алу мерзімі үшін ақшаны қайтарады ма?

Сейфті жалға алу шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде Банк сіз толық мерзім үшін төлеген комиссиялық сыйақы сомасын қайта есептемейді және қайтармайды. Бұл үлгілік жалға алу шартында көрсетілген.

Банк қай жағдайларда сейф ұяшығын менің қатысуымсыз аша алады?

Банк келесі жағдайларда сіздің қатысуыңызсыз сейф ұяшығын мәжбүрлі түрде ашуға құқылы:

  • егер ұяшықта сақтауға тыйым салынған заттар болса;
  • егер сейф ұяшығын пайдалану ережелері бұзылған болса;
  • егер жалға алу аяқталған күннен кейінгі күннен бастап үш ай өтсе, бірақ жалға алушы не оның сенімді тұлғасы, не өкілі, не мұрагерлері Банк бөлімшесіне келмесе;
  • егер Банк соттан, уәкілетті мемлекеттік органнан немесе жеке сот орындаушысынан құжаттар алса — Қазақстан заңнамасына сәйкес олар сейф ұяшығының ішіндегісін мәжбүрлеп алып қою туралы шешім қабылдауға құқылы;
  • егер Банкте өрт, жер сілкінісі немесе басқа да табиғи апат болса;
  • Қазақстан заңнамасымен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Егер шарт мерзімі аяқталмаса, Банк сейф ұяшығын жалға алу шартын біржақты тәртіппен бұза алады ма?

Иә, Банк шартты келесі себептерге байланысты бұза алады:

  • жалға алушы қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті;
  • шарт тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.