Жеке клиенттерге
Бизнес үшін
Банк туралы
FAQ

Банк туралы

Банк туралы

"Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ тұрғындарға және шағын кәсіпорындарға қаржылық қызмет көрсетуге мамандандырылған.

Біз филиалдық желі арқылы қолайлы бағада қарапайым және ұғынықты өнімдерді ұсынамыз.

Біздің бизнес-этика қарапайым әрі айқын: жылдам, қолжетімді және инновациялық банк.

Банктің мақсаты – өз сегментінде көшбасшылардың бірі болу, атап айтқанда халыққа және шағын бизнеске қаржылық қызмет көрсету.

Орта мерзімді болашақта еліміздің барлық ірі қалаларында банктің қатысуын қамтамасыз ету жоспарланған.

Басшылық

Гулфайруз Ахметова, Басқарма Төрағасы. Г. Ахметова ханымның Қазақстанның қаржы саласында 17 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Мансабын «Альянс Банкі» АҚ бөлшек бизнес маманы ретінде бастады. Әрі қарай 2009 жылдан бастап «Альянс Банкі» АҚ, «Темір Банкі» АҚ және «ForteBank» АҚ түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2017 жылдан бастап «Банк Kassa Nova» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі.

Тимур Агдавлетов, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары. Т. Агдавлетов мырза Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP) бітірген, халықаралық қатынастар факультетінің әлеуметтік ғылымдар саласындағы бакалавры дәрежесіне, MBA Халықаралық Бизнес Университетінің дәрежесіне ие. Ыстанбұлда Management Training Program бағдарламасы бойынша оқыды,Жалпы еңбек өтілі – 12 жыл, оның ішінде 5 жыл Қазынашылық бөлімшесінің басшылық қызметінде.

Ольга Дрычкова, Басқарушы директор. О. Дрычкова ханым Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» факультетін бітірген. Қаржы саласындағы жалпы жұмыс өтілі – 13 жыл, 9 жыл басшылық қызметте болды, оның ішінде 7 жыл банктің түрлі бөлімшелерінде. Банктің бөлшек бизнес жөніндегі әр түрлі бағыттарында басшы қызметінде болды.

Данияр Тажеденов, Басқарушы директор. Д. Тажеденов мырза әл - Фараби атындағы ҚазҰМУ "механика" мамандығы бойынша механика-математика факультетін бітірген, «механик, қолданбалы математика саласының маманы» біліктілігі ұсынылған, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ бітірген, экономика және бизнес бакалавры дәрежесіне ие. Жалпы жұмыс өтілі – 20 жылдан аса, оның ішінде қаржы саласындағы басшы қызметінде 17 жыл.

"Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ ірі акционерлері туралы ақпарат

Акционер

үлесі, дауыс беруші акциялардың %

«Фридом Финанс» АҚ

100%

«Банк Kassa Nova» АҚ:

Депозиттерді кепілдендіру қазақстандық қорына
Қазақстан қор биржасына (KASE)
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына
S.W.I.F.T. және REUTERS телекоммуникациялардың халықаралық банкаралық жүйесіне қатысушы
VISA International және MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің принципиалды мүшесі
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының серіктесі
Золотая корона және Юнистрим халықаралық төлем жүйелерінің мүшесі болып табылады

Біздің құндылықтар

Біздің клиенттерге төмен бағада және сапалы қызмет көрсету.

Қызметкерлер үшін көтеріңкі жағдай мен мансапқа жету болашағы.

Акционерлер үшін салынған инвестициялар бойынша тұрақты қайтару жағдайындағы Банктің өсуі.

Орнықты дамуға және үнемі жетілдіруге ұмтылу біздің Банктің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Банктің басты құнды активі болып қажетті білімге ие және мақсатқа жетуге тырысатын жас әрі кәсіби команда болып табылады. Өзінің іскерлік тәжірибесінде, саясатта және іс-шараларда Банк барлық қызметкерлерге бірдей мүмкіндікті қамтамасыз етуге ұмтылады.


10 жыл сенімді өсу

2022 жылдың наурызы S&P халықаралық рейтинг агенттігі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін халықаралық шкала бойынша "B-/B"деңгейіне түсірді. Болжамы "Позитивті"

2022

2021 жылдың қазаны S&P халықаралық рейтинг агенттігі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін халықаралық шкала бойынша "В" деңгейі бойынша растады. Болжамы «Тұрақты»

2021

2020 жылғы 28-желтоқсанда S&P халықаралық рейтинг агенттігі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін халықаралық шкала бойынша "B-" деңгейіне түсірді. Болжамы "Позитивті"

2020

2019жылғы 14-қазанда S&P халықаралық рейтинг агенттігі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін халықаралық шкала бойынша "B/В" деңгейі бойынша растады. Болжамы «Тұрақты»

2019

S&P «KZBB+» рейтингі жоғарылады – 2018 жылғы шілдеде халықаралық рейтинг агенттігімен Банк рейтингі ұлттық шкала бойынша «kzBB»-дан «kzBB+»-ға жоғарылады

2018

S&P «B/B» рейтингі жоғарылады – 2017 жылғы сәуірде халықаралық рейтинг агенттігімен Банк рейтингі халықаралық шкала бойынша «B/С»-дан «B/B+»-ға жоғарылады

2017

Банк Kassa Nova MasterCard-тен AETED сертификациясынан сәтті өтті. Банк Kassa Nova VISA International халықаралық төлем жүйесінің принципиалды мүшесі мәртебесін иеленді

2016

MasterCard International халықаралық жүйесінің төлем карталары шығарылды. Рейтинг расталды

2015

Standard&Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Kassa Nova кредит рейтингін халықаралық шкала бойынша «B» және «kzBB» – ұлттық шкала бойынша растады. Болжамы «Тұрақты». Жеке тұлғалар үшін MyKassa интернет-банкингі дистанциялық қызмет көрсету платформасы шығарылды.

2014

Заңды тұлғалар үшін E-Banking іске қосылды. MasterCard халықаралық төлем жүйесінің принципиалды қатысушысының мәртебесі

2013

Үш филиалдың ашылуы: Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды қ.қ. Банк Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қатысушы болады

2012

S&P "B\С" рейтингі берілді. Жыл соңына кредит қоржыны 35 миллион АҚШ долларын құрады

2011

Банк Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Желтоқсан айында алғашқы кредит берілді

2010

Банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия алынды

2009