нашар көретіндер үшін
+7 776 1 595 595 595

Артықшылықтары

Астана қ. кәсіпкерлеріне арналған эксклюзивті бағдарлама

  •  Қызмет түрлерінің кеңейтілген тізімі

    Қызмет түрлерінің кеңейтілген тізімі

  • Қаржыландырудың ұзақ мерзімі

    Қаржыландырудың ұзақ мерзімі

    84 айға дейін

  • Жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі

    Жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі

    теңгемен жылдық 7%-ға дейін

Қаржыландыру талаптары

Қарыз алушы

өз жобаларын бас қалада іске асыратын немесе жоспарлайтын,
Астана қаласының аймағында тіркелген микро,
шағын немесе орта бизнесі

Қарыз алушы

Кредиттің мақсаты

 Кредиттің мақсаты
  • Инвестициялар
  • Айналым қаражатын толтыру

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі

қарыз бойынша жылдық 7%-ға дейін

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі

Қарыз мерзімі

Қарыз мерзімі
  • Инвестицияларға – 84 айға дейін
  • йналым қаражатын толтыруға – 36 айға дейін

Қарыздың ең жоғары сомасы

  • Қызметін жаңадан бастаған ШОКС үшін – 50 000 000 теңгеге дейін
  • Қазіргі ШОКС үшін – 100 000 000 теңгеге дейін
Қарыздың ең жоғары сомасы

Ресімдеу

Банк бөлімшесінде

Ресімдеу

Басым салалар

ЭҚЖЖ Атауы
01–03 Ауыл, орман және балық шаруашылығы
10–33 Өңдеу өнеркәсібі
35 Электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауаны салқындату
36–39 Сумен қамтамасыз ету; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен таратуды бақылау
41–43 Құрылыс
45.2 Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу
47.8 Сауда палаткаларында, дүңгіршектерде және базарлардағы бөлшек сауда
47.11.1–47.91.0 Сауда алаңы 2000 ш.м. төмен сауда объектілеріндегі бөлшек сауда.
49–53 Көлік және жинақтау
55–56 Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету
58–63 Ақпарат және байланыс
69–75 Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
79 Туристік агенттіктердің, операторлардың және туризм саласында қызмет көрсететін ұйымдардың қызметі
81 Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру қызметі
82 Коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет
85 Білім беру
86–88 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету
90 Шығармашылық, өнер, және ойын-сауық саласындағы қызмет
91 Кітапхана, архивтердің, мұражайлардың және өзге мәдениет саласындағы қызметтер
93 Спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет
95 Компьютер, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу
96 Өзге жеке қызметтерді ұсыну Предоставление прочих индивидуальных услуг (За исключением кода ОКЭД 96.09)
Салалар тізімін жүктеп алыңыз

Сұрақтар мен жауаптар

Бағдарлама бойынша қандай сомада қарыз алуға болады?

+

Бір Қарыз алушыға берілетін Қарыздың ең жоғары сомасы:

  • қызметін жаңадан бастаған қарыз алушылар үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі Қарыз беру туралы өтінім қабылданған күнге сәйкес күнтізбелік 3 (үш) жылдан кем) – 50 000 000 (елу миллион) теңгеден аспайды
  • қазіргі қарыз алушылар үшін Қарыз беру туралы өтінім қабылданған күнге сәйкес мемлекеттік тіркеу мерзімі 3 жылдан асқан қарыз алушылар) – 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден аспайды


Бюджет қаражатын бақылау мақсатында жобаларды қаржыландыруды қаржыландыруға өтінімдер Қордың өңірлік филиалымен жазбаша келісілгеннен кейін жүзеге асыруға болады.

Бұл ретте Қордың өңірлік филиалының қызметкері қаржыландыруға өтінім келісілген күнге сәйкес әрбір қарыз алушы бойынша қаржыландырылатын ЭҚЖЖ-ны тіркеуге (Банкке тапсырусыз screenshot* жүзеге асыруға) міндетті.

Бағдарлама бойынша кәсіпкерлер үшін комиссиялар бар ма?

+

  • Қарыз алушының өтінімін қарағаны / кредит бергені үшін комиссия - Қарыз сомасының 1,0%-нан аспайды
  • Қарыз алушының бастамасы бойынша қарыз шарттарын өзгерткені үшін комиссия – әрбір жағдай үшін Қарыз сомасының 0,25%-нан аспайды
  • Сонымен қатар, бағдарламаның талаптары бойынша қарыз алушы операциялық есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша комиссиялар мен алымдарды төлейді: банктік шотты ашу, жүргізу және жабу, аударым операциялары, айырбастау, кассалық операциялар және т. б.


Аталған комиссиялар мен алымдар қарыз алушының меншікті қаражаты есебінен төленуге тиіс. Комиссиялар қарыз қаражаты есебінен есептен шығарылған жағдайда, қарыз алушы қарыз қаражатын алынған соманы меншікті қаражатымен өтеуіне және нысаналы мақсаты бойынша пайдалануына жол беріледі
Бұл ретте өтеу комиссия есептен шығарылған кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылуға немесе дәл осындай мерзімде төленген комиссиялардың сомасына қарызды мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылуға тиіс.

Бағдарлама бойынша қарсы міндеттемелер бар ма?

+

Иә, Инвестициялық мақсаттарға қаржыландыру алған қарыз алушы кемінде 1 жұмыс орнын құруды, сондай-ақ жобаны қаржыландыру күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10%-ға табыстың өсуін (сатудан түскен табыс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе төленетін салық көлемін ұлғайтуды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) қамтамасыз етуге міндетті.

Қарсы міндеттемелер сақталмаған жағдайда Банк Бағдарлама бойынша қаражатты Банктің меншікті қаражатына ауыстыруға құқылы.

Бағдарлама шеңберінде қарызды қандай қамтамасыз ету талап етіледі?

+

Қамтамасыз ету талаптары Банктің кепіл саясатына сәйкес қолданылады.
Егер қамтамасыз ету ретінде келесі кепілдер ұсынылған жағдайда, қарыз алушыларға бағдарлама бойынша қарыз беруге тыйым салынады:

  • астық қолхаттары
  • болашақта түсетін ақша
  • еке және заңды тұлғалардың кепілдіктері (ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, кредиттік рейтингі «ВВ» деңгейінен төмен емес немесе Standard & Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service рейтингтік агенттіктердің бірі белгілеген оған тең деңгейге ие ЕДБ кепілдіктерін қоспағанда).


Жоғарыда көрсетілген қамтамасыз ету қабылданған негізгі қамтамасыз етуден 70%-ға үстеме «қосымша кепіл» ретінде әрекет ете алады (қарыз алушының міндеттемелерін жабатын Жоба бойынша қабылданған барлық қамтамасыз етудің жиынтық кепіл құны).
Бұл ретте кепілдік шарты (ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың кепілдіктерін қоспағанда) қамтамасыз ету түрі ретінде қарыз алушының Жобасы бойынша берілген кепілді қамтамасыз ету құрылымында 30%-дан астам үлесті қамти алмайды.

Бағдарлама бойынша қаражатты игерудің қандай әдісі қарастырылған?

+

Қаражатты игеру қолма қол ақшасыз тәсілмен ғана жүргізіледі.

Бағдарлама бойынша қандай қаржыландыру құралдары бар?

+

Бағдарлама бойынша қаржыландырудың 3 түрі бар:

  • жаңартылатын креди желісі
  • жаңартылмайтын кредит желісі
  • банктік қарыз

Бағдарлама бойынша қандай қолжетімділік кезеңі белгіленді?

+

Қолжетімділік кезеңін Банктің уәкілетті органы белгілейді. Ол 12 айдан аспауы керек.

Ақша қарыз алушының шотына түскеннен кейін оны нысаналы мақсаты бойынша қандай мерзім ішінде пайдалану қажет?

+

Қарыз алушының контрагентпен жасасқан тиісті шартында тауарларды/жұмыстарды/ қызметтерді сатып алудың өзге мерзімі көзделмесе, қарыз алушы қаражатты қарыз сомасы қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға міндетті

«Астана Бизнес-2» бағдарламасы бойынша кепілдендіру қарастырылған ба?

+

Бағдарлама шеңберінде қаржыландыру алған ШОКС* мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес болған кезде мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасына қатысуға өтінім беруге құқылы.

*ШОКС — шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі

Бағдарлама бойынша мониторинг жүргізіле ме?

+

Иә, DAMU қоры және Freedom Bank арасындағы келісімнің талаптарына сәйкес бағдарлама шеңберінде берілген қарыздар бойынша мониторинг жүзеге асырылады. Мониторингтің екі түрі қарастырылған:

  • құжаттамалық мониторинг немесе жобаларды іске асыру орнына баруды көздейтін мониторинг (кредит қаражатының нысаналы мақсатына сай пайдаланылуын, ШОКС* қаржыландыру талаптарының сақталуын тексеру);


* ШОКС — шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі

Бағдарлама бойынша қандай айыппұлдар қарастырылған?

+

  • Қарызды нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны үшін айыппұл — Қарыздың нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған сомасының 5 %-нан аспайды
  • Кредит желісінің лимитін уақтылы игермегені үшін айыппұл — Қарыздың игерілмеген сомасының 5 %-нан аспайды