Банктік міндеттемелері
Банк қызметкерлер мен клиенттерді этникалық шығу тегіне, жынысына, жыныстық бағдарына, дініне, жасына немесе басқа да себептерге байналысты туындаған кез келген теңсіздік пен кемсітушіліктен қорғауға кепілдік береді.
БҰҰ Жаһандық Келісімінің 10 қағидасын ұстану
Банк бизнесті жоғары этикалық стандарттар бойынша мен қоғамға деген құрметпен жүргізеді
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу
Банктің көрсеткіштері
Қазақстан аумағында 16 филиал
42%
Ерлер
58%
Әйелдер
50%
Ерлер
50%
Әйелдер
34%
Ерлер
66%
Әйелдер
Банктің клиенттері
50,1% |
26-дан 40 жасқа дейін |
|
26,8% |
41-ден 55 жасқа дейін |
|
14,8% |
19-ден 25 жасқа дейін |
|
7,8% |
56-дан асқандар |
|
0,5% |
18 жасқа дейінгілер |
S&P рейтингі
B+ Stable
13.12.2024 күнгі дерек бойынша
Халықаралық ұйымдармен серіктестік және жаһандық бастамаларға қатысу
2024 жылдың 3 қыркүйегінде банк адам құқықтары, еңбек, қоршаған орта және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы 10 қағидаттан тұратын БҰҰ-ның Жаһандық келісіміне қосылды.
Компания осы принциптерді өзінің стратегиясына, мәдениетіне және күнделікті қызметіне енгізеді, сондай-ақ БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған жобаларға қатысады.
Қайырымдылық және волонтерлік қызмет
Freedom Grants
Банк Freedom Grants әлеуметтік жобасына 1 млрд теңге бөлді және бұл жоба 15 қала мен 22 оқу орнын қамтыды. Бұл еліміздегі білім саласын қолдаудағы маңызды қадам болды.
Нархоз Университетімен орнатылған ынтымақтастық
Мұғалімдер мен мектеп оқушыларының цифрлық машықтарын дамытуға және қаржы сауатын арттыруға бағытталған бірлескен жобалар Қазақстандағы білім беру ортасының дамуына маңызды үлес қосады.
ESIL University студенттеріне арналған лекция
Қызметкерлер студенттерге Freedom Bank-тің Қазақстандағы басқа банктерден ерекшеліктері туралы айтып берді.
Ш. Уәлиханов атындағы мектеп оқушыларына арналған өндірістік тәжірибе
Оқушылар банктің бас кеңсесі мен Алматы қаласындағы филиалының түрлі бөлімшелерінде білім алды.
Тәжірибе барысында студенттер банкке жаңадан келген қызметкер сияқты қауіпсіздік шаралары, өрт қауіпсіздігі, банктік құпияны сақтау, келісім-шарттар жасау және банктің тарихымен танысу, сондай-ақ Корпоративтік этика кодексін үйрену бойынша нұсқауларды қамтитын барлық кезеңдерден өтті.
Тілектер шыршасы
Қызметкерлер тұрмыстық техника, кеңсе тауарлары мен тәттілер сияқты түрлі сыйлықтар сатып алды. Ол сыйлықтар банк басшылығы жинаған қаражатқа үйлерге жеткізілді.
Науқан аясында кеңседе шыршалар орнатылып, оларға «Надежда» және «Баракят» балалар үйінің тәрбиеленушілері жазған хаттар ілінді. Банк қызметкерлері бір-бір хатан таңдап, баланың тілегін орындап, өздеріне және балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
ҚР 20 миллионыншы азаматының құрметіне арналған акция
Сыйлық қораптарында гигиеналық өнімдер мен ата-аналарға арналған ақпараттық брошюралар болды. Бұл науқанның мақсаты жаңа туған балалары бар отбасыларды қолдау, оларды нәресте өмірінің алғашқы күндерінде қажет нәрселермен қамтамасыз ету.
FUND GROW қоғамдық қоры
Бұл бастамалар озық технологиялық шешімдерді түрлі қызмет салаларына интеграциялауға ықпал етіп, процестердің тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, бизнестің өсуі мен ілгерілеуіне мүмкіндік береді.
Тұрақты даму бойынша бекітілген құжаттар
Банк өз қызметінің барлық кезеңдерінде тұрақты дамуға және адам құқықтарын сақтауға деген ұмтылысын бекітеді.
ESG тақырыптары бойынша сауалнама
Өтініш, банк туралы бірнеше сұраққа жауап берсеңіз. Нәтижелер болашақ ESG есептерінде пайдаланылады.