Freedom Banker Card тарифтері
Аударымдар
айына $ 1,000 дейін – тегін, одан жоғары – аударым сомасынан 1,5%
Қолма-қол ақша алу
айына $ 1,000 дейін – тегін, одан жоғары – алынатын сомадан 1.5%
Қызмет көрсету
Тегін
Барлық басқа карталық операциялар
Комиссиясыз
Қолданыс мерзімі
5 жылға дейін
Freedom Banker Card Freedom Finance Global PLC D-шотының балансын көрсетеді
D-шот
Негізгі сауда шотына қосымша ретінде ақшаны сақтауға арналған саудалық емес шот. D-шоттың ақшалай қалдығына күн сайын тіркелген табыс есептеледі
Freedom Finance Global PLC сауда шоты
Freedom Finance Global PLC ұсынатын жылдық сыйақы D-шоттың ақшалай қалдығына күн сайын есептеледі
D-шот бойынша ағымдағы мөлшерлемелер мен әлеуетті кірісті есептеуді Freedom Finance Global PLC сайтындағы арнайы калькулятордан көруге болады
Қолданба арқылы Freedom Banker Card ашыңыз
Freedom Banker Card немесе Freedom Banker Wallet Card
ашу үшін банктің Freedom Banker және Freedom Broker қолданбаларын жүктеңіз
Сұрақтар мен жауаптар
Freedom Banker Card дегеніміз не?
Онлайн және офлайн сатып алуларға төлем жасауға, сондай-ақ күнделікті өмірде және сапарға аттанғанда карталық операциялар жүргізуге жарамды.
Freedom Banker Card-ты қалай ресімдеуге болады?
Freedom Banker Wallet Card дегеніміз не?
Freedom Banker Card тарифтері қандай?
- Қазақстан Республикасының аймағында қолма-қол ақша алу үшін - банктің және басқа банктердің банкоматтарында және/немесе POS-терминалдарында айына 1 000 $ дейін – комиссиясыз, одан жоғары болса – алынатын сомадан 1,5%.
- Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде қолма-қол ақша алу үшін - басқа банктердің банкоматтарында және/ немесе (әрбір операция үшін, сомасына қарамастан) – алынатын сомадан 3%, ең төмен комиссиясы – 1 $.
Аударымдар үшін
- Басқа клиенттің Freedom Banker Card-нан, оның ішінде телефон нөмірі бойынша банкішілік аударым – комиссиясыз.
- Freedom Banker Card-тан ұялы телефон нөмірі бойынша басқа банктердің карталарына банкаралық аударым - айына 1 000 USD дейін - комиссиясыз, одан асқан жағдайда - аударымнан 1,5%.
Freedom Banker Card тарифтерімен толығырақ келесі сілтеме арқылы танысуға болады.
Freedom Banker Card-тың қандай лимиттері бар?
Дүкендерде пластикті пайдаланумен POS-терминал арқылы төлегенде — айына 5 000 000 KZT (немесе басқа валютадағы баламасы).
Интернетте деректемелерді пайдалана отырып төлеген кезде – 3Ds кодты пайдаланусыз тәулігіне 100 000 KZT. 3DS кодын пайдалану арқылы – пластикалық карталарда шектеусіз.
Лимиттерді Freedom Bank байланыс орталығына 595 телефоны немесе +7 776 1 595 595 WhatsApp нөмірі арқылы өзгертуге болады.