
Саған арналған керемет пайда

Бір уақытта
депозит және мультивалюта картасы
Карта ретінде жұмыс істейді – сатып алуды төле, ақша аудар, және депозит ретінде – ақшаны сақта және сыйақы ал

Freedom инвестициялық
валютасында 37% дейін кешбэк
Валюта Freedom Holding Corp. акциясына байланысты жәнеонымен бірге өзгереді.
Акция бағасы өсуде - сенің кешбэкің де өсуде

Теңгемен жылдық 13,8% дейін
Егер картаның барлық шоттарында күн сайын 100 000 ₸ немесе одан көп ақша қалса, айына бір рет есептеледі
Картаның дизайнын
таңдауға болады
Рик және Морти әлемінің сүйікті кейіпкерлері барбірегей карталар

Айына 500 000 ₸
дейін
Ақша аудару және алу комиссиясыз



Freedom SuperApp
бағдарламасында картаны аш
Егер сен 16 жастан асқан болсаң және жеке куәлігің немесе ҚР тұруға рұқсатың болса, сен картаны өзің аша аласың.
Жүктеу үшін
QR сканерле
Картаны қалай ашуға болады?
1
Freedom SuperApp-ты жүктеп ал
Және қолданбаға тіркел
2
Жеке басыңды растау үшін
бейне сәйкестендіруден өт
3
Карта дизайнын таңда
Назар аудар: ашылғаннан кейін дизайнды өзгерту мүмкін емес
4
Дайын!
Цифрлық картаны бірден Google Pay, Apple Pay немесе Samsung Pay арқылы байланыстыруға болады, ал онлайн-сатып алулар үшін деректемелерді пайдалануға болады
5
Жеткізуге тапсырыс бер
Егер пластик картамен төлем жасағың келсе
Қолданбаның басты бетінде картаны басып, Баптаулар бөлімінде «Пластикалық картаға тапсырыс беру»-ді таңда.





Freedom SuperApp-та
Student Card аш
Ақша аудар, төлем жаса, кез келген жерге билет сатып ал, өнімдерге тапсырыс бер, Freedom инвестициялық валютасында кешбэк ал - банктің жаңа қолданбасында инновациялық шешімдерді пайдалан!

Жүктеу үшін
QR сканерле

Сұрақ-жауап
Student Card дегеніміз не?
Student Card — бұл депозиттік карта. Карта сияқты жұмыс істейді — сатып алуды төле, ақша аудар, және депозит ретінде — ақшаны сақта және сыйақы ал. Сондай-ақ, осы картадан төлеген кезде сен сатып алудан 37% - ға дейін кешбэк ала аласың.
Student Card-ты қанша жаста ашуға болады?
Student Card-ты 14-тен 17 жасқа дейін (қоса алғанда) ашуға болады.
Student Card-ты кім аша алады?
Егер сен 14 немесе 15 жаста болсаң тек ата-ананың немесе басқа заңды өкілдің (қамқоршының немесе асырап алушы ата-ананың) келісімімен картаны аша аласың.
Student Card-ты қалай ашуға болады?
Картаны Freedom Bank бөлімшесінде ашуға болады.
Егер сен 16 немесе 17 жаста болсаң және жеке куәлігіңді немесе ҚР тұруға рұқсатың болса, Freedom SuperApp қолданбасында картаны өзің ресімдей аласың.
Маңызды: Student Card-ты ресімдеу алдында Power Card (балалар картасы) ресімделген болса, ата-ана оны жабуы керек.
Цифрлық картаға пластик картаны қалай тапсырыс беруге болады?
1. Басты бетте Student Card картасын бас;
2. Баптаулар бөлімінде «Пластикалық картаға тапсырыс беруді» таңда;
3. Ыңғайлы мекенжайды көрсет;
4. Карта бірнеше жұмыс күні ішінде көрсетілген мекенжайға жеткізіледі.
Цифрлық Student Card деректемелерін қалай көруге болады?
Freedom SuperApp қолданбасының басты бетінде картаны бас. Оң жақта сен Картаның деректемелері бөлімін көресің. Оны бас – карта нөмірін, оның жарамдылық мерзімін, CVV кодын, сондай-ақ шот деректемелерін көресің.
Student Card қанша тұрады?
Student Card тегін шығарылады. Қызмет үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.
Қанша Student Card ашуға болады?
Бір адам тек бір Student Card аша алады.
Student Card-тың қандай тарифтері бар?
Student Card тарифтері туралы толық ақпаратты осы жерден табуға болады.
Картаны телефондағы электрондық әмиянға қосуға бола ма?
Иә, картаны Freedom SuperApp мобильді қолданбасында Apple Wallet, Google Pay-ге қосуға болады. Картаны Samsung Pay, Garmin Pay-ге Samsung Pay және Garmin Pay қолданбалары арқылы байланыстыруға болады.
Кешбэкті қалай жұмсауға болады?
Сен кешбэкті әдеттегі ақша ретінде жұмсай аласың: сатып алуларға, аударымдарға, айырбастауларға және төлемдерге ақы төлеуге, оның ішінде ұялы байланысқа, интернетке ақы төлеуге, Онай көлік картасының теңгерімін толықтыруға және басқа да қызметтерге ақы төлеуге болады.
Student Card бойынша тыйым салынған операциялар бар ма?
Иә, Student Card бойынша 18+ санатындағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға болмайды: шарап дүкенінде, темекі және діни дүкендерде, автокөлікті жалға алу ақысын төлеу және т. б.
Student Card-тан ақшаны қалай алуға болады?
Student Card иесі пластик картасы болған жағдайда айына 500 000 теңгеге дейін комиссиясыз кез келген банкоматтан қолма-қол ақша ала алады. Егер пластик картасы болмаса, Apple Pay/Google Pay/Samsung Pay/Garmin Pay арқылы ақшаны контактісіз ала алады.