12.01.2026
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейлі банктердегі несиелерді есептен шығару туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасында қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданылады. Қарызға қатысты барлық мәселелер тек құқықтық алаңда, делдалдарсыз және ақылы қызметтерсіз шешіледі.
Несие төлеуде қиындықтар туындаған жағдайда, қарызды реттеудің ресми тәсілдерімен танысыңыз.
Қандай жағдайларда қарызды қайта құрылымдауға болады?
— табыстың төмендеуі немесе жоғалуы;
— декреттік демалысқа шығу немесе бала күтімі;
— ауыр жарақат немесе ауру салдарынан еңбекке жарамсыздық;
— мерзімді әскери қызметті өткеру;
— әлеуметтік мәртебенің өзгеруі (қарыз алушы және онымен бірге тұратын жақын туыстарының бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылуы).
Қайта құрылымдауға өтінімді онлайн қалай беруге болады?
Қарыз алушыларға келесі цифрлық сервистер қолжетімді:
— төлем күнін өзгерту;
— қарыз бойынша өсімпұлдың күшін жою.
Өтінімдер қарыз алушының жеке кабинеті арқылы беріледі, нәтижесі онлайн режимде көрсетіледі.
Қарызды реттеудің өзге тәсілдері
Қажет болған жағдайда қарыз алушы Банктің бөлімшесіне жүгінуге немесе [email protected] электрондық поштасына өтініш жолдауға болады. Өтініш заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралады, содан кейін Банк қабылданған шешім туралы хабарлайды.