01.11.2025

Белсенді емес банктік шоттарды жабу тәртібі туралы хабарлама

Уведомление о порядке закрытия неактивных банковских счетов

Құрметті клиенттер[1]!

Осы арқылы «Фридом Банк Қазақстан» АҚ (бұдан – Банк), осы жағдайды пайдалана отырып, Сізге өз құрметін білдіреді және Сізге ынтымақтастығыңыз және Банкке білдірген сеніміңіз үшін алғысын айтады.


«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабының 1-тармағына сәйкес, Клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында көзделген тәртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзі дербес жүзеге асырады. Заңның 29 баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам ақша болмаған жағдайда банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Заңның 29-бабының 7-тармағымен клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиентке банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң банктік шот шартын немесе банктік салым шартын бұзады және клиенттің банктік шотын жабуды жүзеге асыратындығы қарастырылған.


Жеке тұлғалар:

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ-та операцияларды жүргізудің, банктік шоттарды және төлем қарточкаларын ашудың, жүргізудің және жабудың жалпы шарттарының 4.23 тармағына сәйкес:


Егер Клиенттің Шоты/Төлем карточкасының шоты (Карточканың әрекет ету мерзімі біткен) бойынша (Банктің шотты жүргізу үшін комиссиясын алу бойынша операцияларды қоспағанда) ақшаның қозғалысы жоқ болған және/немесе осындай шотта ақшалар 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде жоқ болған жағдайда, Банк Хабарлама жасалған күннен бастап 3 (үш) ай өткеннен кейін Жалпы шарттармен қарастырылған кез келген қолжетімді әдіспен осындай шотта ақшаның және ақша қозғалысының жоқ болуы және оның жабылуы туралы Клиентке хабарлайды.


Егер Хабарлама жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде Клиент осындай шот бойынша операцияларды жалғастырмаған жағдайда, Банк жинақ шотты, жәрдемақыларға, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерге немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен төленетін зейнетақыларға, сондай-ақ алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды бағуға арналған ақшаларға) арналған шоттарды қоспағанда, осындай шотқа қызмет көрсетуге қатысты қатынастарды бір жақты тәртіпте бұзады, тоқтатады және осындай шотты жабады.


«Фридом Банк Қазақстан» АҚ-та операцияларды жүргізудің, банктік шоттарды және төлем қарточкаларын ашудың, жүргізудің және жабудың жалпы шарттарының 11.1 тармағының 4-тармақшасынмен Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында немесе Банктің офистерінде орналастыру арқылы немесе Банктің Интернет желісіндегі ресми сайтында жариялау арқылы Клиентке хабарлау құқығы қарастырылған.


Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер2:

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ ресми сайтында орналастырылған Заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушыға, адвокатқа, кәсіби медиаторға, шаруа (фермерлік) қожалығына кешенді банктік қызмет көрсету туралы үлгі шартының 3.38-тармағына сәйкес, егер Клиенттің шоты бойынша бір жылдан ұзақ уақыт бойы ақшалай қаражаттардың қозғалысы және қалдық жоқ болған кезде, Банк шотты біржақты тәртіпте жабуға құқылы.

Осыған байланысты Банк Сізге шот бойынша қозғалыстардың жоқ болуына байланысты соңғы 12 (он екі) айдан ұзақ кезең ішінде қалдығы 0 (нөлге) тең және Хабарлама орналастырылған күннен бастап содан кейінгі 3 (үш) айда қалдық/ақша қозғалысы жоқ болған банктік шоттардың жабылуы туралы хабарлайды.


Бұл ретте ағымдағы шоттарды жүргізу және жабу үшін комиссия Банктің тарифтеріне сәйкес есептен шығарылады.

Іскерлік қарым-қатынастардың тоқтатылуымен келіспеген жағдайда сізден ол жайлы Банкке жазбаша хабарлауыңызды немесе ағымдағы шот бойынша аударым операциясын (яғни төлемді және (немесе) аударымды) жасауыңызды немесе банктік шотты/салымды толықтыруыңызды сұраймыз.


Құрметпен,

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ



[1] Жеке тұлға, заңды тұлға (оның филиалдары және өкілдіктері), кәсіпкерлік қызметті, адвокаттық қызметті, жеке нотариалдық қызметті, жеке сот орындаушысының қызметін, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғаны құрусыз шаруа (фермерлік) қожалықтар2