03.06.2025
Техникалық жұмыстар жүргізу барысында кейбір клиенттер мобильді қосымшаны пайдалану кезінде қиындықтарға тап болды, ал жекелеген жағдайларда техникалық овердрафттар байқалды.
Клиенттеріміздің қаражаттары қауіпсіздікте. Бұл жағдай STIP-Stand-In Processing (транзакцияларды резервтік өңдеу) техникалық механизмнің жұмысымен байланысты, яғни ол карточкалық процессингте ақаулар болған кезде де карточкалық транзакцияларды белгіленген лимиттер аясында жүргізуге мүмкіндік береді. Баланс карточкалық операциялар өткені немесе жою туралы қаржылық құжаттар түскен сайын автоматты түрде түзетіледі.
Мұндай жағдай алаңдаушылық тудырғанын түсінеміз. Барлық клиенттердің өтініштері қабылданды және әрқайсысы қысқа мерзімде қаралады. Техникалық жұмыстар шамамен 30 минутқа созылды, қазіргі кезде барлық операциялар қалыпты режимде жүзеге асуда.
Келтірілген қолайсыздықтарға кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.