19.09.2023

Сізді кибералаяқтардан қорғайтын қарапайым қауіпсіздік ережелері

Простые правила безопасности, которые смогут уберечь от кибермошенников

Қаржы алаяқтары ерекше белсенділік танытады. Олар үнемі алдаудың жаңа схемаларын ойлап табады. Сондықтан, өте сақ болу және келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

  1. Өз компьютеріңіз бен мобильдік құрылғыларыңыздың қауіпсіздік қызметтерін пайдаланыңыз: вирусқа қарсы қорғаныс, күрделі құрама парольдер, компьютерде немесе мобильдік құрылғыда жеке деректерді ашық түрде сақтамаңыз;
  2. Жеке деректерді интернетте жарияламаңыз: форумдарда, әлеуметтік желілерде және т.6.;
  3. Өздерін қаржы ұйымдарының қызметкерлері деп таныстыратын бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, оларға жеке деректеріңізді, әсіресе PIN-кодты, CVV/CVC-кодты (картаның артқы жағындағы үш таңбалы нөмір) айтпаңыз;
  4. Белгісіз және күдікті мекенжайлардан алынған электрондық хаттарды ашпаңыз, электрондық пошта, әлеуметтік желілер немесе SMS арқылы жіберілген күмәнді көздерден келген сілтемелер бойынша өтпеңіз;
  5. Егер сіз онлайн-сатып алуды жиі жасасаңыз, онда интернет-сатып алу үшін жеке карта (мысалы, виртуалды карта) арнағаныңыз дұрыс;
  6. Онлайн сатып алудан бұрын, сіз кірген сайттың шынымен интернет-дүкенге тиесілі екеніне және оның мекенжайы http:// емес, https://-тен басталатынына көз жеткізіңіз;
  7. Төлем карталарыңызға SMS-немесе PUSH-хабарламаларды қосыңыз
  8. 3D-secure функциясын ешқашан өшірмеңіз;
  9. PIN-кодтарды карточкалармен бірге сақтамаңыз және оларды ешкімге жарияламаңыз. Банк карталарын үшінші тұлғаларға (тіпті туыстарына), соның ішінде кафелер мен мейрамханаларда төлем жасау үшін бермеңіз;
  10. Банктік аккаунттарға кіру үшін ашық Wi-fi кіру желілерін пайдаланбаңыз;
  11. Карта жоғалған жағдайда, банктің жедел желісіне қоңырау шалып, оны дереу жауып, барлық операцияларды тоқтатыңыз, сондай-ақ, шоттарды бұғаттау мақсатында қысқа мерзімде Банк бөлімшесіне барған жөн.
  • Мынадай жағдайларда:
  1. Өз шоттарыңызда әдеттен тыс белсенділікті байқаған болсаңыз;
  2. Өз шоттарыңызға қашықтан қол жеткізе алмасаңыз;
  3. Картаңызды қызмет көрсетуге қабылдамайтын болса переу банкке хабарласыңыз.