03.08.2026
Freedom банкі Euromoney Awards for Excellence 2026 халықаралық сыйлығының келесі номинациялары бойынша жеңімпаз атанды:
Euromoney
Awards for Excellence сыйлығы жыл сайын халықаралық Euromoney қаржы басылымы
тарапынан табысталады.
Freedom
банкі - Freedom экожүйесінің негізінде құрылған
қазақстандық цифрлық банк. Банк Freedom Holding Corp.
халықаралық қаржы холдингінің құрамына кіреді. Холдинг брокерлік,
инвестициялық-банктік, андеррайтингтік және банктік қызметті жүзеге асырады.
Freedom Holding Corp.-тың акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор
биржасында (KASE) айналыста.
2021
жылы Freedom Банк Қазақстанда бірінші болып “Цифрлық ипотеканы” іске қосты, бұл
клиенттерге қарызды ресімдеу мерзімін екі-үш аптадан бірнеше күнге дейін
қысқарта отырып, бөлімшелерге бармай-ақ ипотеканы
толығымен онлайн ресімдеуге мүмкіндік берді.
Freedom
цифрлық экожүйесінің негізінде қаржылық және lifestyle қызметтерін біріктіретін
Freedom SuperApp мобильді қосымшасы жатыр: Банк, брокер, сақтандыру, билеттер
мен турларды сатып алу, тамақ пен азық-түлік жеткізу және т.б.
Жеке
тұлғалардан бөлек, Банк бизнес пен ірі корпоративтік клиенттерге де қаржылық
өнімдер мен қызметтердің кең спектрін ұсынады. Сондай-ақ ШОБ-қа арналған
Freedom Business мобильді қосымшасын дамытып келеді. Оның басты ерекшелігі –
140-тан астам дауыстық команданы орындайтын кіріктірілген AI-ассистент. Сонымен
қатар, Freedom Вusiness пайдаланушылары мобильді қосымшаның ішіндегі толық GPT
Chat функционалдығына ақысыз қол жеткізе алады.
2025
жылдың қорытындысы бойынша Банктің клиенттік базасы үш есе өсіп, 1,4 млн-нан
4,5 млн.-ға жеткенін, сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының
қорытындысы бойынша Freedom SuperApp мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны
5,6 миллионнан асқанын айта кету керек.
Сонымен
қатар, 2024 жылы сервистерді бірыңғай экожүйеге біріктіре отырып, Freedom Банкі
Қазақстан нарығы үшін бірегей адалдық бағдарламасын енгізді.
Оның
шеңберінде кешбэк Freedom - бағалы қағаздар, ETN инвестициялық валютасына
айырбасталады. Олардың
құны NASDAQ биржасында айналыстағы Freedom Holding Corp. акцияларының құнына
байланыстырылған және соған сәйкес өзгеріп отырады. Осылайша, клиенттер
қарапайым әрі қолжетімді инвестициялық құралға қол жеткізді.