Бұрын

Осалдықтар туралы хабарлау саясаты

Біз жүйелеріміздің, қолданбаларымыздың және тұтынушы деректерінің қауіпсіздігіне аса мән береміз. Қауіпсіздікті үнемі жақсарту үшін біз адал әрекет ететін зерттеушілердің осалдық туралы есептерін құптаймыз. Бұл құжат зерттеу аясын, өзара қарым-қатынас ережелерін және жауапкершілікті анықтайды.

Қолдану аясы

Зерттеу аясына кіреді:

• *.bankffin.kz домені (егер басқаша көрсетілмесе, барлық қосалқы домендер)
• *.freedombank.kz домені
• App Store(iOS) дүкеніндегі Freedom SuperApp мобильді қолданбасы
• App Store (iOS) дүкеніндегі Freedom Business мобильді қолданбасы
• Google Play (Android) жүйесіндегі Freedom SuperApp мобильді қолданбасы
• Google Play (Android) жүйесіндегі Freedom Business мобильді қолданбасы

Зерттеу аясына кірмейді:

• «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-на жатпайтын үшінші тарап қызметтері мен мердігерлері;
• Әлеуметтік инженерия, фишинг, физикалық қауіпсіздік тестілері;
• DoS/DDoS шабуылдары, спам және флуд;
• Ұрланған немесе бұзылған тіркелгі деректерін талап ететін осалдықтар.
Егер сіз мәлімделген аумақтан тыс, бірақ «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ға қатысты мәселе тапсаңыз ол жайлы қосымша хабарлаңыз - біз оны бөлек қарастырамыз.

Өзара қарым-қатынас ережелері

• Тестілеуді қызметтерді бұзбайтын және тұтынушыларға әсер етпейтіндей етіп өткізу.
• Тек расталмаған сынақтарды пайдаланыңыз.
• Автоматтандырылған сканерлеу жүйелерді шамадан тыс ақпараттық жүйелерді жүктемеу үшін жиіліктерін сиректету керек.
• Эксплуатациядан кейінгі әрекеттерді орындамаңыз (мысалы, тұтынушы деректеріне қол жеткізу, ақпаратты өзгерту).
• Егер сіз кездейсоқ құпия деректерге (Жеке түлғаның ақпараттары, қаржылық ақпарат, т.б.) қол жеткізсеңіз, тестілеуді тоқтатып, дереу хабарлаңыз.
• Табылған осалдықтарды жеке пайда, алаяқтық немесе бопсалау мақсатында пайдалануға тыйым салынады.

Есеп беру ережелері

Сізден осалдық туралы есепті [email protected] электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
Құпиялылықты сақтау үшін хабарламаңызды PGP кілтімен шифрлаңыз: PGP кілті Freedom Bank Kazakhstan

Есебіңіздің талдауын және түзету жұмыстарын жылдамдату үшін төмендегі ақпаратты қосыңыз:

• Осалдық табылған жүйе, қолданба немесе эндпойнт;
• Осалдықтың түрі мен сипаттамасы;
• Қайта жүзеге асыру қадамдары (PoC);
• Әсер ету ықтималдығы;
• Түзету бойынша ұсыныстар (бар болса).

Осалдықты бағалау

Біз сынилық дәрежесін анықтау үшін CVSS пайдаланамыз:

• Критикалық (CVSS 9.0–10.0);
• Жоғары (CVSS 7,0–8,9);
• Орташа (CVSS 4.0–6.9);
• Төмен (CVSS 0,1–3,9);
• Ақпараттық.

Кейбір жағдайларда басымдық бизнес контекстіне немесе пайдалану ықтималдығына байланысты түзетілуі мүмкін.

Зерттеушілерге кепілдіктер (Safe Harbor)

Осы саясат шеңберінде зерттеулер жүргізілсе:

• Бізге ықтимал қауіпсіздік мәселесі туралы хабарлау арқылы осы саясаттың шарттарын орындасаңыз, біз оны шешілді деп есептейміз және құқық қорғау органдарына шағым бермейміз немесе адалдықты тексеру үшін азаматтық сот ісін қозғамаймыз.
• Осы саясатқа сәйкес жүзеге асырылатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасы заңнамасының, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін әрекеттерге жол беріледі.

Зерттеуші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға және адал әрекет етуге міндетті.

Құпиялылық және жария ету саясаты

• Барлық есептер құпия болып саналады.
• Осалдық туралы ақпаратты жариялау оны түзетіп, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ жазбаша рұқсатынан кейін ғана жасауға болады.
• Біз есептің алынғанын тез арада растауға және ақауды жою үшін дер кезінде жұмыс істеуге міндеттенеміз.