Power Card-тың негізгі артықшылықтары

Картаны ата-ана бақылайды

Картаны толтырыңыз, лимит қойыңыз, қажетсіз төлемдерді немесе картаны толығымен бұғаттаңыз. Картаны толық тексеріп, баланың неге ақша жұмсағанын көре аласыз.

Просто картинка бе смысла

Тапсырмаға сыйақы бересіз

Мысалы, үй жұмысына, оқыған кітабына немесе орындаған үй тапсырмасына сыйақы бере аласыз. Енді баланы оқуға ынталандыратын жұмыс құралы – қолыңызда.

Просто картинка бе смысла

Наруто кейіпкерлері бейнеленген карталар

Әлемге әйгілі аниме жанкүйерлеріне арналған мінсіз дизайн

Просто картинка бе смысла

Карта дизайнын өзіңіз таңдайсыз

DC әлемінің кейіпкерлері бейнеленген бірегей карталар: Бэтмен, Джокер, Харли Квинн мен Супермен.

Просто картинка бе смысла

Қызықтырып түсіндіреміз

Анимациялық онбординг қосымшаның негізгі функциялары туралы айтып, пайдалану жолдарын нақты түсіндіреді.

Просто картинка бе смысла

«Жинақ сандықша» арманыңызға ақша жинайтын депозит

Мақсатыңызға жету үшін қанша сома қалдырып отыру керек екенін көрсетеді, бұған қоса ақша сақтағаныңыз үшін сыйақы береді. Осылайша арманыңызға жету – оңай.

Просто картинка бе смысла

Артықшылықтары

icon

Power Card мультивалюталық картасы бір уақытта төрт валютамен шығарылады: KZT, USD, EUR, RUB

icon

Ата-ана әр баласының картасын толық бақылай алады: төлем санаттарын бұғаттай алады, транзакцияларын тексеріп, теңгерімін толтыра алады.

icon

Цифрлық картаны бірден пайдалана беруге болады. Ата-анасы мен бала карта дизайнын таңдаған соң банк картаның пластик түрін жеткізіп береді.

icon

Freedom SuperApp мобильді қосымшасында цифрлық картаны тез әрі оңай ашу

Freedom SuperApp қосымшасында балаңызға арналған Power Card ашыңыз

просто каракули

Жүктеп алу үшін QR-кодты сканерлеңіз

Шарттары

Сейф с монетками

Комиссиясыз ақша шешу ҚР басқа банктерінің клиенттеріне тегін ақша аудару айына

До 500 000 ₸

иконка

Балаға карта ашу жасы

5 жастан 18 жасқа дейін

иконка

Freedom Bank шоттары мен карталарынан, сондай-ақ ҚР басқа банктерінен * толтыру

Комиссиясыз

иконка

Әр сатып алу үшін кэшбэк беріледі

30%-ға дейін

Freedom экожүйесінде

7%-ға дейін

Серіктестік желісінен тыс

иконка

Қазақстан бойынша пластик карталарды ашу, қызмет көрсету, шығару және жеткізу

Тегін

* Екінші деңгейлі басқа банктерде аударымдарға олардың тарифтері мен
шарттарына сәйкес комиссия алынуы мүмкін. Ақпаратты тиісті банктердің сайттарынан оқыңыз.

Картаны қалай ашуға болады

иконка
Картинка с шагом в приложении

Freedom SuperApp қосымшасын ашыңыз, қосымша өзіңізге де, балаңызға да қажет болады

иконка
Картинка с шагом в приложении

Қосымшаның негізгі бетінде Жаңа өнім ашу → Карталар тармағын басыңыз

иконка
Картинка с шагом в приложении

Power Card-ты таңдаңыз

иконка
Картинка с шагом в приложении

Қосымшаның ішіндегі нұсқауларды орындаңыз

иконка
Картинка с шагом в приложении

Power Card дизайнын таңдаңыз

иконка
Картинка с шагом в приложении

Балаңыздың телефон нөміріне мобильді қосымшаны жүктеп алатын сілтемесі бар SMS келеді. Бала сілтемемен қосымшаға өтіп, сіз картаны ашқанда көрсеткен телефон нөмірін енгізіп, тіркеуден өтуі керек.

Freedom SuperApp қосымшасында балаға арналған Power Card ашыңыз

Балаңыздың қаржылық сауатын арттырыңыз – өзіңіз бен балаңызға Freedom SuperApp қосымшасын жүктеп алыңыз. Балаңызға сыйақы есептеп қуанта аласыз, арманына ақша жинауға арналған депозит ашасыз, шығындарын бақылап, төлемдерін шектей аласыз.

Жүктеп алу үшін
QR-кодты сканерлеңіз

lightning

Сұрақ-жауап

Power Card-ты қалай ашуға болады?

Мобильді қосымшада 5 пен 18 жас аралығындағы балаға Power Card ашуға болады:

  1. Басты бетте Жаңа өнім ашу → Карталар тармағын басыңыз;
  2. Картаны таңдап, Power Card ашуды басыңыз;
  3. Бірнеше балаңыз болса, карта ашқыңыз келетін балаңызды таңдап, нөмірін жазыңыз. Бала тізімде жоқ болса, оның ЖСН-ін енгізіңіз;
  4. Нөмірді растау үшін баланың телефонына код жіберіледі. Кодты жазыңыз;
  5. Құжаттармен танысып шыққан соң қол қойыңыз да, кодпен картаның ашылғанын растаңыз;
  6. Пластик картаны әкеп беруге болатын мекенжайды жазыңыз. Балаңыз өзінің қосымшасында картаның дизайнын таңдаған соң картаны екі жұмыс күні ішінде жеткіземіз.

Баланың телефонына қосымшаны жүктеп алатын сілтемесі бар SMS жіберіледі. Бала картаны алуы үшін ата-ана көрсеткен нөмірмен жүйеге кіріп, авторизация жасауы керек. Ары қарай ата-анасының бірінің қосымшасына жіберілген кодты жазып, карта дизайнын таңдауы керек.

Кто может выпустить Power Card?

Power Card * шығара аласыз, егер:

  • ата-ана;
  • қорғаншы немесе қамқоршы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, оқытуды, тәрбиелеуді және оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын асырап алған ата-анасы болсаңыз.

*Балаға карта аша алуы үшін ата-анасы Freedom Bank клиенті болуы керек

Баланың бұрын шығарылған цифрлық картасына пластик карта жасату үшін ата-анасы қалай тапсырыс бере алады?

  1. Басты беттегі Power Card виджетін басыңыз;
  2. «Параметрлер» бөліміндегі «Пластик картаға тапсырыс беруді» басыңыз;
  3. Қажет деректерді толтырып, «Пластик картаға тапсырыс беруді» басыңыз;
  4. Карта бірнеше жұмыс күні ішінде сізге ыңғайлы мекенжайға жеткізіледі.

Цифрлық Power Card реквизиттерін қалай көруге болады?

Freedom SuperApp қосымшасының басты бетіндегі карта виджетін басыңыз. Оң жақта карта реквизиттері болады. Үстін бассаңыз, карта нөмірі мен жарамдылық мерзімі, CVC-код пен шот реквизиттері ашылады.

Мобильді қосымшада ата-анасы баласының картасының қандай фунцияларын қолдана алады?

Ата-анасы:

  • баласының картасын толтыра алады;
  • баласына тапсырма береді;
  • ата-анадан ақшалай сыйақы аударады;
  • аласының картасын бұғаттай алады/бұғаттан шығара алады, қаражат көлемі бойынша лимит/шектеу қояды (банкоматтан шешетін ақшаға, аударымдарға, төлемдер/жазылымдар мен интернет саудаға);
  • баласының картасының PIN кодын өзгертеді/орнатады;

Power Card қанша тұрады?

Балалар картасы тегін ашылады. Банк тегін қызмет көрсетеді.

Баланың ата-анасы қанша Power Card аша алады?

Бір балаға бір карта аша алады.

Телефондағы электрондық әмиянға карта қосуға бола ма?

Иә, 13 жастан бастап картаны Apple Wallet, Google Pay жүйесіне SuperApp мобильді қосымшасында қосуға болады. Карталарды Samsung Pay мен Garmin Pay қызметтеріне қосу үшін Samsung Pay мен Garmin Pay қосымшаларын пайдалану керек.

Бала ҚР мен шетелдегі банк банкоматтарынан картасыз ақша шеше ала ма?

Банкоматтардан ақшаны пластик картамен ала аласыз.

Power Card ашқанда баланың жасына шектеу қойыла ма?

Иә, Power Card-ты 5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға ашуға болады.

Баланың туыстары оған Power Card аша ала ма?

Жоқ, аша алмайды, баланың ресми қамқоршысы болған жағдайда ғана аша алады. Сондай-ақ балаға картаны мына кісілер аша алады:

  • сенімді тұлға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, оқытуды, тәрбиелеуді және оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын асырап алған ата-анасы.

Ата-анасы баласының картасын өзінің қосымшасынан көре ала ма?

Иә, ата-ана баласының картасы мен ондағы барлық операция түрін көреді. Сондай-ақ ата-ана баланың картасына ақша сала алады, лимит қойып, үзінді көшірмелерді жүктей алады.

Бала туралы мәліметтер табылмаса не істеу керек?

Баланың тууы тіркелген АХАТ бөліміне хабарласа аласыз немесе egov.kz сайтындағы ақпаратты жаңарту қызметіне тапсырыс бересіз. Бұдан ары бұл органдар мемлекеттік дерекқорға бала туралы мәліметтерді қосуы керек.

Ата-ана баланың картасын қалай басқара алады?

Ата-ана төмендегілерді істей алады:

  • баланың картасын толтыру;
  • балаға ата-анасынан ақшалай сыйақы алуы үшін тапсырма беру;
  • баланың картасын бұғаттау/бұғаттан шығару;
  • азайтып-көбейтіп лимит/шектеу қою (банкоматтан ақша шешуге, аударымдар, жазылымдар, онлайн төлемдерге);
  • баланың картасының PIN кодын қалпына келтіру және өзгерту;

Бала кешбэкті неге жұмсай алады?

Бала Freedom SuperApp мобильді қосымшасындағы төлемдерін кешбэкпен төлей алады: ала алатын қызметтеріне төлем жасау, телефон теңгерімі мен Оңай картасын толтыру және т.б.

Power Card-та тыйым салынған транзакциялар бар ма?

Иә, баланың картасымен шарап пен темекі дүкендерінен және діни дүкендерден сауда жасау, автокөлік жалдау ақысын төлеу және т.б. болмайды. 18+ санатындағы заттарды бала картасымен ала алмайсыз.

Бала картадан ақшаны қалай ала алады?

Баланың пластик картасы болса, кез келген банкоматтан айына 100 000 теңгеге дейін комиссиясыз ақша шеше алады.

Балаға қалай тапсырма беру керек?

  1. Қосымшаның басты бетіндегі қажет картаның белгісін басыңыз;
  2. Ашылған мәзірден Тапсырмалар тармағын таңдаңыз;
  3. Жаңа тапсырманы басыңыз;
  4. Тізімнен қажет тапсырманы таңдаңыз немесе өзіңіз тапсырма құрастырыңыз;
  5. Тиісті шарттарды көрсетіп, тапсырманың сипаттамасын жазыңыз;
  6. Бәрін дұрыс жазған болсаңыз, экранның төменгі жағындағы Тапсырма құрастыруды басыңыз;
  7. Балаңыз қосымшадағы жаңа тапсырма туралы хабарлама алады

Орындаған тапсырмасына бала қалай ақша алады?

Тапсырмалар тізімінде қажет тапсырманы басып, «Растау және аударуды» басуға болады. Осыдан кейін тиісті сома өзіңіз таңдаған картадан есептен шығарылып, баланың картасына аударылады.

Балам орындап жатқан тапсырманың орындалу күйін қалай тексеруге болады?

  1. Қосымшаның басты мәзіріндегі карталар виджетіндегі Power Card-ты басыңыз;
  2. Тапсырмаларды таңдаңыз;
  3. Бала тапсырмаларының тізімі ашылады, бұл тізім екі санатқа бөлінеді: орындалып жатқандар мен аяқталған тапсырмалар. Сондай-ақ әр тапсырманың астында тапсырманың қазіргі жай-күйі көрсетіледі.

Қосымшада бала ата-анасынан ақша сұрай ала ма?

Иә, бұл үшін бала мыналарды істейді:

  1. Қосымшаның басты бетінде Операциялар → Ақша сұрау бөліміне өтеді;
  2. Қажет соманы жазады. Ата-анадан деген өріске ата-анасының картасы автоматты түрде шығады. Бала сұрауға қосып хабарлама да жаза алады, мысалы, «Күнделікті шығыныма» деп;
  3. Сұрау батырмасын басыңыз. Ата-ана баласынан ақша сұраған push-хабарлама алады.