30.09.2026
Сайтта алаяқтардың ең көп таралған және жаңа схемаларына жасалған талдаулар, сондай-ақ оларды дер кезінде танып, қаражатыңызды сақтап қалуға көмектесетін ұсыныстар жинақталған.
Сайтта «Фродди» жасанды интеллект агенті де жұмыс істейді. Ол пайдаланушыларға алаяқтық жағдайларды анықтауға көмектесіп, цифрлық қауіпсіздік және оқиға орын алған жағдайда әрі қарай не істеу керегі жөнінде кеңес береді. Биометриялық сәйкестендіру арқылы Антифрод орталығының ақпараттық жүйелерінде өзіңіз туралы мәліметтердің бар-жоғын да тексере аласыз. Мәліметтер анықталса, сайт қандай реттеу тетіктері қолжетімді екенін көрсетеді.
Толық ақпаратты antifraud.kz сайтында оқи аласыз.