13.12.2024
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі “Фридом Банк Қазақстан” АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін “В”-дан “В+”-ке дейін арттырды және қысқа мерзімді кредиттік рейтингті “В"деңгейінде растады. Ұлттық шкала бойынша банктің рейтингтері “kzBBB-”-тен "kzBBB"-ға дейін көтерілді.
«Біз баланстың өсуінің жоспарланған орташа қарқыны дереккөздер бойынша және географиялық тұрғыдан әртараптандырылған күшті кіріс көрсеткіштерімен бірге Freedom компанияларының капиталдандыру көрсеткіштерін қолдайды деп күтеміз. Топ әр түрлі юрисдикцияларда жұмыс істейтін көптеген еншілес компаниясы бар үлкен топқа қатысты өзінің жалпы тәуекелдерді басқару және сәйкестік жүйесін біртіндеп құруда», – деп атап өтті S&P Global Ratings есебінде.
Рейтинг бойынша “Тұрақты” болжамдар S&P-нің Қазақстандағы экономикалық және салалық тәуекелдердің төмендеуі және реттеуші органдар тарапынан қадағалаудың күшеюі аясында алдағы 12 айдағы бизнес-портфелінің тұрақтылығы мен қаржылық көрсеткіштерге қатысты болжамын көрсетеді. Сонымен қатар, Freedom компаниялар тобы тәуекелдерді басқару және сәйкестік жүйесін күшейту бойынша қабылдап жатқан шаралар, сондай-ақ капиталдандыруды қолдауға тиіс жоспарланған орташа өсу қарқыны ескерілді.