26.02.2025

Кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимін қолдану туралы

О применении специального налогового режима для предпринимателей

Шағын бизнес субъектілері белгіленген талаптарға сай болса, арнаулы салық режимін (АСР) қолдана алады. Негізгі шарттардың бірі шекті табыс болып табылады: жеңілдетілген декларация негізінде АСР үшін ол салық кезеңі үшін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 24 038 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Егер кәсіпкердің банктік шотына түсетін түсімдер сомасы осы шекті деңгейге жетсе, қолданылатын салық салу режимін қайта қарау қажет. Мұндай жағдайда Мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет жүргізу орны бойынша алдын ала кеңес алу ұсынылады.

Қосымша ақпаратты 71 79 97 немесе 8 778 944 94 87 телефондары арқылы алуға болады.