14.04.2026

Ипотеканы өтеу үшін зейнетақы төлемдерін пайдаланудың жаңа тәртібі

Новый порядок использования пенсионных выплат для погашения ипотеки

Құрметті клиенттер!

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2026 ж. №116 бұйрығы негізінде 2026 жылғы 17 сәуірден бастап Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану қағидаларына өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз.

Негізгі өзгерістер:

БЗТ қаражаты бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үйді және (немесе) жөндеу жүргізумен тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша негізгі борышты өтеуге ғана жіберіледі. Қарыз алушы есептелген сыйақыны (пайыздарды), сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдарды (бар болса) төлеуді өз қаражаты есебінен жүргізуі тиіс.

Басқа уәкілетті оператордан БЗТ түскен кезде Freedom Bank-те операция жүргізу тәртібі:

1. Қаражатты қамтамасыз ету: Қарыз алушы Банктік қарыз шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотында өтеу сәтінде есептелген пайыздар мен тұрақсыздық айыбын (бар болса) өтеуге жеткілікті соманың болуын қамтамасыз етуі қажет. Мерзімінен бұрын ішінара өтеу үшін шоттағы қаражат қалдығы кесте бойынша кемінде 2 ай сайынғы төлемді, жоспарлы төлем үшін – кемінде 1 ай сайынғы төлемді құрауы тиіс.

2. Банкке өтініш беру: Қарыз алушы өтеу жүргізілетін күні тиісті өтініш беру үшін Банк бөлімшесіне сағат 17:00-ден кешіктірмей келуі қажет.

3. Қалдықты тексеру: Банк менеджері клиенттің меншікті қаражатының және шотқа түскен БЗТ сомасының болуын және жеткіліктілігін салыстырып тексереді.

4. Өтеуді жүргізу: Қаражат жеткіліксіз болса, операция жүргізілмейді. Шотта қажетті қалдық болған жағдайда Банк менеджері өтінішті тіркейді және берешекті өтеу рәсімін бастайды.

5. Мерзімі өткен берешек болған кезде өтеу: Клиенттің қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, БЗТ қаражаты есебінен өтеу Клиент мерзімі өткен берешекті өз қаражаты есебінен толық өтегеннен кейін ғана жүргізіледі.

6. Мерзімінен бұрын ішінара өтегеннен кейін қарыз мерзімін өзгерту шарттары: БЗТ қаражаты есебінен мерзімінен бұрын ішінара өтеу жүргізілгенде шарттың қолданыс мерзімі сақталады*.

*Банк Freedom SuperApp мобильді қолданбасы арқылы БЗК қаражаты есебінен негізгі борышты қарыз мерзімін қысқарта отырып өтеу функционалын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.