26.01.2026
Құрметті кәсіпкерлер!
2026 жылғы 26 қаңтардан бастап Банк бөлімшелерінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы ағымдағы шот аша алатыныңызды қуана хабарлаймыз. Бұл шот әдеттегі ағымдағы шотқа ұқсас, бірақ жеке қаржыңызды Сіздің бизнесіңіздің кірістері мен шығыстарынан бөлуге мүмкіндік береді.
Шотты экономикалық
қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлға – ҚР азаматтары мен
қандастар аша алады.
Қолжетімді қызмет түрлерінің тізімі
Арнайы шоттарға жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына қызмет көрсету бойынша стандартты тарифтер қолданылады.