18.06.2024

Freedom Bank фермерлерге жеңілдікпен несие беруді бастайды

Freedom Bank запускает льготное кредитование фермеров

Төмендетілген мөлшерлеме бойынша кредиттерді агросектордан кәсіпкерлер ресімдей алады. Freedom Bank Аграрлық несие корпорациясы – «Кен Дала 2» бағдарламасы аясында жеңілдікті кредиттендіруді іске қосты.

Қаржыландыру кәсіпкерлерге егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға бөлінеді. Қарыз сомасы егін жинау алаңына және өсірілетін дақыл түріне байланысты және 3 млрд теңгеге жетуі мүмкін, сыйақы мөлшерлемесі небәрі 5% (СЖТМ - 5,2%). Сондай - ақ, Банкте негізгі қарызды өтеу бойынша қолайлы шарттар ұсынылады - жеңілдік кезеңі, оның шеңберінде 50% мөлшеріндегі алғашқы төлем 2024 жылғы 15 қарашаға дейін, ал қалған 50% 2025 жылғы 15 ақпанға дейін жүргізілуі тиіс.

Осылайша, Freedom Bank ауылшаруашылық тауар өндірушілері арасынан жаңа клиенттерді, соның ішінде бұрын несие ресурстарына қол жеткізе алмаған жаңадан бастаған фермерлерді тарта отырып, ауылдық жерлерді дамытуға және өңірлерді қолдауға үлес қосуға дайын.

Бағдарламаға қатысу үшін банктің жақын жердегі бөлімшесінде, аумағында бизнес жұмыс істейтін өңірде өтінім беру қажет.


АО “Фридом Банк Казахстан” - жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстанның инновациялық Банкі жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстанның инновациялық Банкі. Банк ипотекалық несие, автокредит және бизнес несиелерін алуды цифрландырды. Сондай-ақ, Қазақстандағы алғашқы инвестор картасын INVEST CARD және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp холдингінің бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.