28.03.2025
«Фридом Финанс» АҚ бас компаниясы Freedom Bank-ті 24,5 млрд теңгеге капиталдандырды. Бұл процесс цифрлық сервистерді одан әрі дамытуға, оның ішінде Freedom Holding Corp. компанияларын бір қолданба негізінде бірыңғай экожүйеге біріктіруге бағытталған.
Freedom Bank саны 4 152 543 данада қарапайым акцияларды орналастыруды жүргізді. Акцияларды жалғыз акционер – «Фридом Финанс» АҚ бірлігі үшін 5 900 теңге бағамен сатып алды.
Осылайша, банктің меншікті капиталы 220,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша активтер 2,5 трлн теңгеден асты. Осы көрсеткіш бойынша банк секторда 8-ші орында тұр.