22.06.2026
Freedom Банкі Mastercard-пен бірлесіп Park Live Almaty картасының эксклюзивті цифрлық дизайнының іске қосылғаны туралы хабарлады. Жаңа дизайн биыл тағы да Алматыда өтетін Park Live Almaty 2026 жыл сайынғы халықаралық музыкалық фестивалі қарсаңында жарияланды.
Park Live Almaty дизайны
тек онлайн режимінде қол жетімді
Freedom SuperApp қосымшасы сандық карта
дизайны форматында және Masterсard негізіндегі бұрын шығарылған SuperCard және DepositCard карталарының skin кодын өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңартылған дизайн банк
қолданбасында және сандық әмияндарда көрсетіледі.
Park Live Almaty дизайны бар SuperCard және
DepositCard карталарының иелері өнім бойынша барлық артықшылықтарды пайдалана
алады. Атап айтқанда: экожүйеде инвестициялық Freedom валютасына айырбасталатын
25%-ға дейінгі кешбэк, акция шарттары сақталған жағдайда Қазақстан аумағында
айына 2 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақша алу және басқа қазақстандық
банктерге айына 2 500 000 теңгеге дейін комиссиясыз аударым жасау мүмкіндігі
беріледі. Сонымен қатар, пайдаланушылар фестиваль қонақтары үшін арнайы
ұсынысқа қатысуға және Park Live Almaty-да өнер көрсететін әртістердің бірімен
Meet&Greet форматында кездесуде жеңіске жетуге мүмкіндік алады.
Park Live Almaty Алматыда 21-23 тамыз аралығында
өтеді. Ұйымдастырушылар Қазақстаннан және басқа елдерден көптеген көрермендерді
күтеді.
Биыл фестиваль өз тарихындағы ең мықты қатысушылар
құрамының бірін ұсынады: хедлайнерлер ретінде Gorillaz, Jack White және The
Offspring өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сахнада Cee Lo Green, Bloodywood, The
Kills, Glassjaw, De La Soul, сондай-ақ Қазақстаннан және басқа елдерден келген
әртістер өнер көрсетеді.