16.04.2026

Эквайринг қызметтерін көрсету шартына өзгерістер мен толықтырулар туралы

О внесении изменений и дополнений в Договор оказания услуг эквайринга

Құрметті клиенттер! Сіздерге «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың Эквайринг қызметтерін көрсету шартына (бұдан әрі – Шарт) келесі өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені туралы хабарлаймыз:

1. қашықтықтан төлем жасау сервисінің іске қосылуына байланысты Шарт мәтінінде төлем жасау тәсілдерінің тізбесі кеңейтілді: төлем карточкасы мен QR-кодты пайдаланумен қатар қашықтан төлем жасау сервисі қосылды;

2. банктің құқықтары, атап айтқанда, төмендегілермен толықтырылды:

- кәсіпорынның Банк алдындағы берешегі толық өтелгенге дейін Кәсіпорынға тиесілі төлемдерден қайтару сомаларын ұстап қалу құқығымен. Бұл ретте, егер Кәсіпорын шотындағы ақша сомасы көрсетілген операцияны жүзеге асыруға қажетті сомадан аз болса, Банк Қайтару операциясын жүргізуден бас тартуға құқылы;

- шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген берешекті өндіріп алудың кез келген тәсілдерін, оның ішінде белгіленген заңнамалық тәртіппен Кәсіпорынның банктік шоттарынан ақша қаражатын есептен шығаруды пайдалану;

- кәсіпорынға қатысты талап ету құқықтарын іске асыру тәсілін дербес айқындау, бұл ретте бір тәсілді таңдау Банктің Шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәсілдерді кейіннен қолдану құқығын шектемейді.

3. кәсіпорынның міндеттері Қайтару операцияларын жүзеге асыру үшін шотта жеткілікті ақшаның болуын қамтамасыз ету талабымен толықтырылды, ал қаражат жеткіліксіз болған жағдайда – Банктің алдындағы берешекті толық өтеу үшін шотты дереу толықтыру міндеті енгізілді;

4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертуді реттейтін ережелер жаңартылды;

5. шартқа қосылу туралы өтініштерде және қосымша Жабдықты қосу туралы өтініште қамтылған комиссиялар кестелеріне өзгерістер енгізілді: Freedom QR бойынша комиссия жеке бағандарға бөлініп, Freedom QR және Бірыңғай QR үшін бөлек көрсетілді, сондай-ақ қашықтықтан төлем жасау сервисі бойынша комиссия жолы қосылды.

Шартқа енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне енеді.