26.12.2025
Құрметті клиенттер!
"Фридом
Банк Қазақстан" АҚ заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, жеке
нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіпқой медиаторларға,
шаруа (фермер) қожалықтарына көрсетілетін банк қызметтері үшін комиссиялық алым
тарифтеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Қазақстан
Республикасы Салық кодексінің талаптарына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап
банктік қызметтерге (операцияларға) қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады, ал ҚҚС
мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін өседі.
Осыған
байланысты Банк ҚҚС қолдануды көрсету үшін өзінің Тарифтеріне өзгертулерді
бекітті.
"Фридом
Банк Қазақстан" АҚ комиссиялық мөлшерлемелері мен қолайлы банктік
шарттарын сақтайды.
Өзгерістер
01.01.2026 жылдан бастап күшіне енеді.