28.11.2025
Келесі кезең - FBG Сompany JCS атты арнайы компанияны тіркеу болады, ол Грузия Ұлттық Банкінен цифрлық банк лицензиясын алуға уәкілетті болады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Фридом Банк Қазақстан» акционерлік қоғамына Грузия Республикасында еншілес ұйым құруға рұқсат беру туралы» қаулы қабылдады.
Грузия Ұлттық Банкінен банктік лицензия алғаннан кейін Freedom Bank Georgia клиентке бағытталған цифрлық шешімдерді дамытады, сондай-ақ жаңа аймақта цифрлық банкингтің ең жақсы шешімдерін ілгерілету арқылы қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Freedom Bank еншілес банкін құру туралы шешімді 2025 жылғы 19 қыркүйекте ЕДБ жалғыз акционері – «Фридом Финанс» АҚ қабылдады. Бірінші кезеңде «ФБГ Компани» АҚ («FBG Сompany JCS») банктік лицензия алумен айналысады және Грузияның Ұлттық банкіне құжаттар тапсырады. Цифрлық банк лицензиясын алғаннан кейін Компания коммерциялық банкке айналады және «Фридом Банк Грузия» АҚ («Freedom Bank Georgia JSC») деп аталады.