25.06.2025
S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі “Фридом Банк Қазақстан” АҚ бойынша болжамды “тұрақтыдан” "позитивтіге" дейін қайта қарады және "B+/B"деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады. Ұлттық шкала бойынша Банктің рейтингтері "kzBBB"-ден "kzBBB+" - ге дейін көтерілді.
Агенттік өз түсініктемесінде болжамды қайта қарау Freedom Holding Corp. тәуекелдер мен сәйкестікті басқарудың орталықтандырылған жүйесін құруда, сондай-ақ осы функцияларды операциялық еншілес компаниялар деңгейінде нығайтуда компаниялар тобының айтарлықтай ілгерілеуін көрсететінін атап өтті. Бұл, сарапшылардың пікірінше, топтың тұрақтылығы мен басқарылуын айтарлықтай арттырады.
«Рейтингтер бойынша "позитивті" болжам тәуекелдерді басқару мен сәйкестіктің жалпы жүйесін құрудағы, сондай-ақ осы функцияларды қаржылық еншілес компаниялар деңгейінде нығайтудағы елеулі прогресті көрсетеді», - деп атап өтіледі S&P Global Ratings есебінде.