08.04.2025
Енді кәсіпкерлердің қаражат алу және өз бизнесін кеңейту үшін одан да көп мүмкіндіктері пайда болды.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Freedom Bank арасында жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісім бизнеске инвестициялық мақсаттарға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға 3,5 млрд теңгеге дейін алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте мақұлданған соманың 85% - на дейін (3,5 млрд теңгеге дейін) "Даму" қоры кепілдік береді.
Кепілдік алу үшін кәсіпкерлер жақын маңдағы Freedom
Bank бөлімшесіне жүгінуі қажет. Кепілдік мерзімі кредиттің барлық кезеңіне
беріледі (7 жылға дейін), бұл ретте қарыздың нысаналы мақсаты да қайта
қаржыландыру болуы мүмкін.