15.08.2024

Шетелдік азаматтарға карталарды ашу туралы

Об открытии карт иностранным гражданам

“Фридом Банк Қазақстан” АҚ (бұдан әрі - Freedom Bank) Интернет желісінде Қазақстан бейрезиденттерінің Freedom Bank-те банк картасын қашықтан шығару қызметі туралы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Шетел азаматтарына банк карталарын қашықтан ашу бойынша қызметтер көрсетілмейді.

Бейрезиденттерге арналған Deposit Card-ты Қазақстандағы Freedom Bank бөлімшелерінде клиенттің жеке қатысуымен ғана шығаруға болады. Клиенттің қолында жеке басын куәландыратын құжат, жеке сәйкестендіру нөмірі (ҚР-да тіркелген) және қолданыстағы телефон нөмірі болуы тиіс.

Назарларыңызды Банк жеке тұлғалардың ЖСН алу процесіне қатыспайтындығына, ЖСН алу жеке тұлғаның ХҚКО-ға жүгінуі арқылы жүзеге асырылатындығына аударамыз. Банк карталарын жеткізу тек Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.

Банк әлеуметтік желілер мен өзге де ақпараттық платформалардың мониторингін тұрақты негізде жүргізеді, соның нәтижесінде блогерлерге, сондай-ақ жалған ақпарат жариялайтын жеделхат-арналардың иелеріне сотқа дейінгі наразылықтар қойылады.