02.07.2024

Standard&Poor's Freedom Bank рейтингтерінің болжамын «позитивті» деп өзгертті және ұлттық шкала бойынша рейтингті көтерді

Standard&Poor’s изменило прогноз по рейтингам Freedom Bank на «позитивный» и повысило рейтинг по национальной шкале

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «Фридом Банк Казахстан» АҚ рейтингі бойынша болжамды «позитивті» деп өзгертті және «B/B» деңгейінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады. Банктің ұлттық шкала бойынша рейтингтері «kzBBВ-» деңгейіне көтерілді.

S&P Global Ratings сарапшылары капиталдандыру көрсеткіштері мен тәуекелдерді басқару жүйесінің жақсаруына байланысты рейтинг бойынша болжам қайта қаралғанын атап өтті. «Позитивті» болжамдар агенттіктің Қазақстанның қаржы секторының соңғы жылдардағы экономикалық тәуекелдерге тұрақтылығы, реттеушілік қадағалау сапасын біртіндеп арттыру, сондай-ақ Freedom тобының тәуекелдерді басқару жүйесі мен көрсеткіштерін одан әрі жақсарту оның бизнесінің алдағы 12 айда дамуын қолдауы мүмкін деген пікірін көрсетеді.


«Біз Freedom 2024–2025 жылдары жоғары пайданы сақтайды деп күтеміз, бұған Қазақстанда банктік және сақтандыру қызметінің көлемін ұлғайту есебінен кірістерді әртараптандыру ықпал ететін болады. Үш жылдық орташа көрсеткіш (2022 ж. наурыз – 2024 ж. наурыз) тәуекелді ескере отырып, S&P Global Ratings өлшеген активтерге негізгі пайданың қатынасы шамамен 3,4% деңгейінде тұрақты болып қалды, бұл халықаралық контекстегі жоғары көрсеткіш. 2023 жылы Freedom тобы тәуекелдерді басқарудың шоғырландырылған жүйесін құруға кірісті. Жақында топ тәуекелдерді басқару, сәйкестік және құқықтық мәселелер бөліміне басшыларды жалдады. 2024 жылдың мамырында Freedom тобы Директорлар кеңесінің санын алтыдан жетіге дейін кеңейтті, олардың төртеуі тәуелсіз және халықаралық тәжірибесі бар», – делінген S&P Global Ratings есебінде.