24.05.2024
«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ атауын «Фридом Банк Қазақстан» акционерлік қоғамы деп өзгертті. Банктің толық ресми атауы қазақ тілінде «Фридом Банк Қазақстан» акционерлік қоғамы. Ағылшын тілінде – «Freedom Bank Kazakhstan» Joint Stock Company.
«Фридом Финанс» АҚ Директорлар кеңесі отырысының шешімімен Жарғы жаңа редакцияда бекітілді. Банк 20 мамырда қайта тіркеудің тиісті рәсімінен өтті.
Банкте Клиенттерге бұрын жасалған Шарттарды қайта ресімдеудің немесе карталарды қайта шығарудың қажеті жоқ екендігіне назар аударылады. Клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер, сондай-ақ Банктің деректемелері өзгеріссіз қалады.