05.04.2024

Freedom Bank су тасқыны салдарынан зардап шеккен қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады

Freedom Bank предоставляет отсрочку платежей заемщикам, пострадавшим в результате паводков

Freedom Bank мемлекет Басшысының су тасқыны салдарынан төтенше жағдай аудандарында зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі Тапсырмасы аясында төмендегідей қолдау шараларын көрсетуге дайын:

Жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің кредиттері бойынша 2024 жылғы 1-сәуірден бастап 2024 жылғы 30-маусымға дейінгі 3 ай мерзімге негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылсын.

Зардап шеккен азаматтардың су тасқынының теріс әсерінен қаржылық жағдайы нашарлаған жеке тұлғалардың барлық кредиттері бойынша Банк төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

Төлемдерді кейінге қалдыруға өтініш қалай беріледі:

1. Қол қойылған Өтінішті [email protected] почтасына, +7 776 159 55 95 WhatsApp номеріне немесе 595 номеріне қоңырау шалыңыз.

2. Су тасқынының теріс әсерінен қаржылық жағдайдың нашарлауын растау үшін барлық қажетті құжаттарды ұсыныңыз*

3. Банк Өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

4. Банктің менеджері Өтініші қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

Төтенше жағдайға байланысты төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуға Өтініш нысаны

Қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттар тізбесі

*Құжаттар пакеті қарыз алушы жергілікті атқарушы органдардан алынған зардап шеккендер тізімінде болмаған жағдайда ұсынылады және/немесе қарыз алушыға қайта құрылымдаудың қосымша шарттары талап етіледі.

Төлемдерді кейінге қалдырмай өсімпұлдарды/айыппұлдарды жою үшін төлем жасау кезінде өсімпұлды жою жөніндегі Нұсқаулықты орындаңыз.

Жеке кәсіпкерлерге төлемді кейінге қалдыруға қалай өтініш беруге болады:

1. Өтініш беру үшін Нұсқаулықты орындаңыз.

2. Банк Өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

3. Банк менеджері Өтінішті қарау нәтижесі туралы хабарлайды.

Төлемдерді кейінге қалдырмай өсімпұлдарды/айыппұлдарды жою үшін төлем жасау кезінде өсімпұлды жою жөніндегі Нұсқаулықты орындаңыз.