26.10.2023

Семейде Freedom Bank филиалы ашылды!

В Семее открылся филиал Freedom Bank!

Достар, сіздер үшін керемет жаңалығымыз бар! Семейде Freedom Bank филиалы ашылды.

Жаңа филиалымыз Байсейітов көшесі., 29 мекенжайы бойынша орналасқан. Салтанатты ашылуға банктің басқарма төрайымы Гүлфайруз Ахметова, ҚР Ұлттық Банкі Семей қ. филиалының директоры Алтынай Әбдірахманова, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Филиал жеке және заңды тұлғаларға кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Бөлімшеде үш касса, электронды кезек және VIP клиенттерге қызмет көрсету бөлмесі бар. Филиал аумағында банк клиенттері үшін жеке автотұрақ бар, сондай-ақ банкомат та орналастырылған, ол тәулігіне 24 сағат қолжетімді.

Филиалдың жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма 09:00-ден 18:00-ге дейін; сенбі, жексенбі – демалыс.