15.03.2023

Таразда Freedom Bank филиалы ашылды

В Таразе открылся филиал Freedom Bank

Тараз қаласында Қазыбек би, 111а мекенжайы бойынша Freedom Bank жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері, банктің басқарма төрағасы Гүлфайруз Ахметова және «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Жамбыл филиалының директоры Шарыгин Евгений қатысты.⠀

Филиал жеке және заңды тұлғаларға кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Бөлімше уш кассамен, кеңес алуға ыңғайлы аймақтармен, электронды кезекпен және VIP-клиенттерге қызмет көрсету бөлмесімен жабдықталған.⠀

Филиалдың жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма 09:00-ден 18:00-ге дейін; сенбі, жексенбі – демалыс.⠀

Гүлфайруз Ахметова, Freedom Bank басқарма төрағасы:⠀
‒ Бүгін Freedom Bank қызметтерін немесе өнімдерін пайдалану үшін үйден шығудың немесе құжаттар мен анықтамаларды жинаудың қажеті жоқ. Барлығын телефон немесе ноутбук арқылы онлайн жасауға болады. Бірақ біз клиентке бағытталған банк болғандықтан, клиенттеріміздің тілектерін әрдайым ескереміз. Көптеген адамдар анықтамаларға уақыт жоғалтпай, қызметті тез алғысы келеді, бірақ сонымен бірге білікті кеңес пен көмек алуды бөлімшелерде жөн көреді. Сондықтан біз Жамбыл облысының әкімшілік орталығында банк филиалын ашу туралы шешім қабылдадық. Осылайша, қазірдің өзінде Тараз тұрғындары біздің банк өнімдерімізге кез келген ыңғайлы форматта қол жеткізе алады.⠀