17.05.2023

Freedom Bank Атырауда филиал ашты

В Атырау открылся филиал Freedom Bank

17 мамырда Freedom Bank-тің жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті.

Филиал жеке және заңды тұлғаларға кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Бөлімшеде төрт касса, электронды кезек және VIP клиенттерге қызмет көрсету бөлмесі бар. Банкомат филиал аумағында орналастырылған, ол тәулігіне 24 сағат қолжетімді.

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі:

Freedom Bank филиалының ашылуы – біздің клиенттерімізге кезекті қадамымыз. Цифрлық қаржылық өнімдер мен қызметтерді жеткізу арналарын енгізумен қатар, біз аймақтық желіні дәйекті түрде дамытуды да жалғастыра отырып, классикалық банктік қызметтер туралы да ұмытпаймыз. Мүмкіндігінше қазақстандықтардың көбісі біздің қызметтердің ыңғайлылығын, алу жылдамдығын және қаржылық өнімдеріміздің сенімділігін бағалай алуы үшін. Атырау – әлеуеті зор, қарқынды дамып келе жатқан қала. Банкіміздің тағы бір бөлімшесі осындай жерде ашылғанына шын жүректен қуаныштымыз. Қош келдіңіздер!

Мейірім Қалауи, Атырау қаласының әкімі:

Freedom Bank - бүгінгі күннің талаптары мен сұраныстарына сәйкес жұмыс істейтін банктердің бірі. Нақты цифрлық қаржылық шешімдерді ұсынады. Жақында көптеген адамдардан банктің цифрлық шешімдері өте жақсы екенін естіген болатынмын және банк онымен жұмыс істейтін компаниялар тарапынан үлкен сенімге ие болды. Біздің қаламызда осы банктің жеке және заңды тұлғалар арасында тұрақты клиенттерінің көп болатынына сенімдімін.

Филиалдың жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма 09:00-ден 18:00-ге дейін; сенбі, жексенбі – демалыс.