13.03.2023

Шетелдік азаматтарға карталарды ашу туралы

Об открытии карт иностранным гражданам

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Freedom Bank) Қазақстанның бейрезиденттеріне Freedom Bank-те банк картасын қашықтан алу қызметі туралы интернетте тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Банк карталарын қашықтықтан ашу қызметтері шетелдік азаматтарға көрсетілмейді.

Қазақстандағы Freedom Bank бөлімшелерінде клиенттің жеке қатысуымен ғана бейрезиденттер үшін Deposit Card банк картаны шығаруға болады. Клиенттің қолында жеке басын куәландыратын құжат, жеке сәйкестендіру нөмірі және жарамды телефон нөмірі болуы тиіс. Банк карталарын жеткізу тек Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.