03.03.2023

Балаларды интернет-алаяқтарынан қалай қорғауға болады?

Как защитить детей от интернет-мошенников?

Алаяқтар құрбыларының сеніміне кіру үшін профилін жиі баланың аккаунты ретінде жасырады.

Мұндай виртуалды «достар» баланы ата-анасының төлем картасын суретке түсіріп оларға жіберуге, телефонға келетін SMS-кодты айтып беруге немесе зиянды қосымшаны жүктеуге көндіре алады.

Балаңызбен диалог орнатыңыз, оның виртуалды достары туралы шынайы өмірдегі достары сияқты сөйлесіңіз. Балаға оның ғаламторда жариялағанының бәрі жалпыға ортақ екенін және мәңгі сақталатынын, ал бұл деректерді кез келген адам пайдалана алатынын түсіндіріңіз.

Онлайн-алаяқтардың қулығына балалар ғана емес, сенгіш ересектер де алданып қалуы мүмкін. Сондықтан қаржылық сауаттылығыңызды үнемі арттырыңыз, сонымен қатар балаңызбен жиі сөйлесіп, жеке деректерді, ақшаны ұрлаумен және желіде алдаудың басқа тәсілдермен және сіз болмаған кезде туындауы мүмкін әртүрлі жағдайларды бірге қарастырыңыз.

Әрбір ата-ана білуі керек қауіпсіздік ережелері:

  • Балалардың ғаламторда өткізетін уақытын шектеңіз
  • Балаңызға құпия сөзді және басқа жеке ақпаратты ата-анасынан басқа ешкімге неге беруге болмайтынын және желіде бейтаныс адамдарға сенуге болмайтынын түсіндіріңіз
  • Компьютерде, телефонда және басқа гаджеттерде антивирусты пайдаланыңыз
  • Балаңызға лицензиясы жоқ қосымшаларды неге жүктемеу керектігін айтыңыз;
  • Электрондық поштаға және мессенджерлерге жіберілген белгісіз кірістірілген файлдарды іске қоспаңыз
  • Контентті іріктеңіз. Ол үшін тегін рекурсивті DNS қызметтерін пайдаланыңыз (мысалы: openDNS, Yandex және т. б.)

Балалармен көбірек уақыт өткізіңіз, олармен сенімді қарым-қатынасты сақтаңыз және балаларыңыздың қаржылық сауаттылығын ерте жастан бастап үйретіңіз.

Қосымша оқу материалдары FinGramota білім беру медиа порталының веб-сайтында және FinGramota Youtube арнасында қолжетімді.