14.12.2022
Freedom Bank-та ашылған және 2022 жылғы 23 ақпанда қолданыста болған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп әзірлеген теңгелік салымдарды қорғау жөніндегі Бағдарламаға қатысады.
Өтемақы (сыйлықақы) алу үшін салымшыларға банк бөлімшелерінде 2023 жылғы 10 ақпаннан кешіктірілмейтін мерзімде Өтініш-келісім беру қажет.