28.10.2022

Теңгелік салымдарды қорғау Бағдарламасы бойынша өтемақы төлеу шарттары

Условия выплаты компенсаций по Программе защиты тенговых вкладов

«Банк Фридом Финанс» АҚ-да ашылған және 2022 жылғы 23 ақпанда қолданыста болған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп әзірлеген теңгелік салымдарды қорғау жөніндегі Бағдарламаға қатысады.

Өтемақы (сыйлықақы) алу үшін салымшыларға банк бөлімшелерінде 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде Өтініш-келісім беру қажет.

Бағдарламаның Шарттары:
  • Өтемақы салымшының бір банктегі барлық теңгелік салымдары бойынша 10% мөлшерінде төленеді, бірақ 2 000 000 теңгеден аспайды;
  • Өтемақы төлеу талап етілгенге дейінгі салымдар, шартты салымдар және ағымдағы банктік шоттар бойынша жүзеге асырылмайды;
  • Салымның 2023 жылғы 24 ақпанға дейін жабылуы өтемақы алу құқығын жояды;
  • Салымдардан ішінара алу өтемақыны есептеу және төлеу үшін соманы автоматты түрде азайтады.
  • Салымды толықтыру шектелмеген, бірақ бұл жағдайда толықтырулар сомасы өтемақы сомасын есептеу кезінде ескерілмейді;
  • Өтемақы банктік салым Шартына байланысты ағымдағы шотқа аударылады;
  • Өтемақы 2023 жылдың наурыз айында төленеді.