Құрметті клиенттеріміз!
14 қыркүйекте Ақтау қаласында Freedom Holding Corp бірінші әмбебап кеңсесінің салтанатты ашылуы өткенін қуана хабарлаймыз.
Жаңа филиалда сізге офлайн да, онлайн да банктік, инвестициялық және сақтандыру қызметтері қолжетімді: осында Freedom Bank, Freedom Broker брокерлік компаниясы, сондай-ақ Freedom Finance Life және Freedom Insurance сақтандыру компаниялары біріктірілді.
– Бізде бар болған түгел өнімдер мен қызметтерді цифрландырып, қазіргі заманғы стандарттар бойынша жаңаларын жасап жатырмыз. Бірақ осымен бірге біз әлеуетті және қазіргі клиенттеріміз үшін офлайн-кеңселердің болу қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеміз. Себебі менеджерлеріміз кеңес беріп қана қоймай, іс-әрекет тәртібін түсіндіреді және клиентті қиын жағдайда қолдап, өз мақсаттары мен міндеттерін нақтырақ түсінуге көмектеседі. Қаржылық қызметтерді алу кезінде кеңесшінің рөлі әлі де маңызды болып қала береді, - атап өтті Freedom Holding Corp атқарушы директоры, Тимур Турлов.
Жаңа филиалдың мекен-жайы: Ақтау қаласы, 17 шағын ауданы, ғимарат 22.