16.08.2022

Енді ақшаны басқа банктердің карталарына телефон нөмірі арқылы бар болғаны 10 теңгеге аударуға болады!

Теперь можно переводить деньги на карты других банков по номеру телефона и всего за 10 тенге!

Құрметті клиенттер!

Freedom Bank жедел төлемдер жүйесіне (ЖТЖ) қосылғанын хабарлауға қуаныштымыз, оның көмегімен сіз телефон нөмірі бойынша ЖТЖ* қатысушы банктердің карталарына ақша аудара аласыз.

Freedom Bank-тегі ЖТЖ артықшылықтары:

  • Карта нөмірін енгізудің қажеті жоқ ‒ алушының телефон нөмірі жеткілікті;
  • Аударым үшін белгіленген комиссия ‒ аударым сомасына қарамастан 10 теңге;
  • Аударымнан кейін шоттағы ақшаның бірден қолжетімділігі;
  • Аударымның ең аз сомасы ‒ 10 теңге, ең көп ‒ 500 000 теңге. Бір жөнелтуші үшін тәуліктік лимит ‒ 2 000 000 теңге.

Аударымды қалай жасауға болады:

  1. FFIN Bank KZ қосымшасын ашыңыз;
  2. Сол жақтағы мәзірдегі «Аударымдар» бөліміне өтіңіз;
  3. «Банкаралық аударым» тармағын таңдаңыз;
  4. Соманы, алушының телефон нөмірін енгізіңіз және қатысушылар тізімінен банкті таңдаңыз;
  5. Дайын!

Қосымшаны жаңарту Play Market және App Store-да қол жетімді.

*ЖТЖ қатысушыларының тізімі басқа банктердің қосылуына қарай толықтырылады және біздің қосымшамызда автоматты түрде жаңартылады.