30.06.2022

Ақшаңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады

Как защитить свои деньги от мошенников

Сіздің қаражатыңыздың қауіпсіздігі Freedom Bank үшін ең бірінші орында. Сондықтан интернет-алаяқтардың құрығына қалай түсіп қалмауға болатындығы жайлы төменде тоқталамыз:

Сақ болыңыз және есіңізде сақтаңыз: ешқашан ешкімге өзіңіздің жеке деректеріңізді және банк карталарының деректерін хабарламаңыз. Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша бағдарламалар мен қосымшаларды орнатпаңыз. "Банктен" күмәнді қоңырау шалған жағдайда телефонды қойып, біздің байланыс орталығына 595 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. Есіңізде болсын, банк өткізетін акциялар мен ұтыс ойындары туралы барлық ақпарат тек әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда және банктің сайтында жарияланады.
Вишинг деген не және одан қалай қорғану керек?

Вишинг – бұл телефон арқылы алаяқтық. Сіздің дербес деректеріңізді білу үшін қоңырау шалушылар өздерін түрлі қызметтердің өкілдері ретінде, одан да жиі кездесетіні, банк қызметкерлері ретінде таныстырады.

Вишингтің құрбаны болмас үшін телефонда қалай сөйлесу керек:
– сабырлық сақтаңыз,;
– өзіңізді арбауға жол бермеңіз.
– көп және батыл сұрақтар қойыңыз, жауаптарын мұқият тыңдап, ой талдауынан өткізіңіз.
– егер сіз қоңырау шалып тұрған алаяқ екенін түсінсеңіз, бірден тұтқаны қойыңыз
– төлемдерді растайтын СМС–кодтарды, сондай-ақ өзіңіздің дербес және банктік деректеріңізді: толық аты-жөніңізді және ЖСН, банк картасының нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV-код – картаның артқы жағындағы үш таңбалы кодты, PIN-кодты ешкімге хабарламаңыз.

Фишингтің құрбаны болмаудың жолдары

Фишинг-бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның мақсаты сіздің құпия деректеріңізді анықтау болып табылады.

Мына ережелерді жадыңызда ұстаңыз:

– Өзіңіз өтіп жатқан сілтемелерді мұқият тексеріңіз. Оларды ресми сайттардың атауларымен салыстырыңыз.
– Сақ болыңыз. Өзіңізге таныс адамнан сілтеме алған жағдайда да. Оның парақшасы алаяқтардың қолына өтуі мүмкін.
– Өзіңіз отырған сайттың мекенжайын тексеріңіз. Ресми сайттан айырмашылығы жоқ болып көрінгенмен, интерфейс жалған болуы мүмкін. Сондықтан әрқашан шолғыш жолына қараңыз. Біздің сайт: bankffin.kz
– Сенімді пароль орнатыңыз – сандарды, бас және кіші әріптерді қолданыңыз. Өзіңіз жасамаған әрекеттер туралы SMS алған кезде, дереу банкке хабарласыңыз. Мысалы, парольді өзгерту немесе ақшаны есептен шығару әрекеті.
– Фишингтік ресурсты байқап қалсаңыз, бұл туралы бізге Whats'App арқылы, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы немесе 595 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
– Кафеде немесе көшеде Wi-Fi желісі арқылы сайтқа немесе банк қосымшасына кірмеңіз. Мобильді интернетті пайдаланыңыз.

Қаржы пирамидасын қалай тануға болады:

– сізге аса жоғары табыстылыққа кепілдік береді;
– кіру жарнасын енгізуді ұсынады;
– жаңа салымшыларды тартқаны үшін сыйақы төлейді;
– компанияның қаржылық жағдайы туралы ақпарат жоқ;
– халықтың ақшалай салымдарын тартуға арналған лицензия немесе ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен бағалы қағаздар нарығында қызмет етуге лицензия жоқ.