15.04.2022
Достар, бізде керемет жаңалық! Бүгіннен бастап Freedom Finance Bank карталарын ұстаушылар Google Pay байланыссыз төлем сервисін қолдана алады
⠀
Google Pay - бұл дүкендерден және интернет-сайттардан алынған тауарлар үшін смартфонмен жедел және ыңғайлы төлем жасау сервисі. Жаңа технологиялар мен бірнеше қорғаныс деңгейінің арқасында сіздің төлем деректеріңіз әрдайым қауіпсіздікте, құпия сақталмақ. ⠀
⠀
Google Pay-ды орнату оңай:⠀
1. Google Play-ден қосымшаны жүктеп алыңыз.⠀
2. Freedom Finance Bank картаңыздың деректерін енгізіңіз.⠀
3. SMS-код арқылы Google Pay әмиянында картаны іске қосыңыз. Картаны активациялау банк тексерісінен кейін іске асады.⠀
4. Смартфоныңыздың көмегімен бір рет түрту арқылы қауіпсіз сауда жасаңыз.⠀
⠀
Google Pay NFC модулімен жабдықталған Android операциялық жүйесі бар смартфондарда жұмыс істейді. Құрылғы осы технологияны қолдайтынына көз жеткізіңіз.⠀
Сіз Google Pay-ді байланыссыз төлем қабылданатын барлық жерлерде пайдалана аласыз. Қосымшаны ашу міндетті емес. Телефонды бұғаттан шығарып, артқы панеліен терминалға апарыңыз.⠀