21.10.2026

Эквайринг қызметтерін көрсету шартына өзгерістер мен толықтырулар туралы

О внесении изменений и дополнений в Договор оказания услуг эквайринга

Құрметті клиенттер!

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның эквайринг қызметтерін көрсету туралы шартына (бұдан әрі – Шарт) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін хабарлаймыз.

Өзгерістер төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ алаяқтық операциялардың алдын алуға қатысты ережелерді жетілдіруге бағытталған.

Негізгі өзгерістер мен толықтырулар мыналарды қамтиды:

1. Төлемдерді қабылдау тәсілдерін кеңейту. Шартқа қосылған кезде Кәсіпорын төлемдерді қабылдау барысында төменде көрсетілген тәсілдердің бірін таңдай алады:

- POS-терминал арқылы төлемдерді қабылдау және қосымша Freedom Business мобильді банкинг қосымшасы арқылы төлемдерді қабылдау мүмкіндігі;

- POS-терминалсыз, тек Freedom Business мобильді банкинг қосымшасы арқылы төлемдерді қабылдау.

2. QR-кодты қағазға басып шығарып орналастыру арқылы төлемдерді қабылдау. Кәсіпорынның сауда орнында клиенттерден төлемдерді қабылдау үшін QR-кодты қағазға басып шығарып орналастыру мүмкіндігі көзделген.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығының деректер базасы бойынша тексерулер жүргізуге қатысты ережелерді енгізу.

4. Алаяқтық операциялардың алдын алуға байланысты жекелеген терминдер мен ережелерді нақтылау.

5. Тараптардың жекелеген құқықтары мен міндеттерін нақтылау.

Өзгерістер 2026 жылғы 27 қазаннан бастап күшіне енеді.

Көрсетілген күнге дейін Шарттың қолданыстағы редакциясы сақталады.