02.06.2026

Қазақстандық Freedom банк Тәжікстандағы бірыңғай QR-код жүйесіне қосылды

Казахстанский Freedom банк подключился к системе единого QR-кода в Таджикистане

Қазақстандық Freedom банкінің клиенттері Тәжікстан Республикасында тауарлар мен қызметтерге Freedom SuperApp арқылы тікелей бірыңғай QR-код арқылы ақы төлеуге мүмкіндік алды.

Жаңа қызмет жергілікті сатушылардан тез, ыңғайлы және қолма-қол ақшаны пайдаланбай немесе айырбастау пункттерін іздемей сатып алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау бүкіл Тәжікстан бойынша 31 051 сауда нүктесінде қолжетімді.

Енді Қазақстан банкінің клиенттері Тәжікстанда жұмыс сапарында не демалыста болған кезде - Freedom SuperApp Банкінің мобильдік қосымшасы арқылы саудагердің бірыңғай QR-кодын сканерлеп, тәжік сомони (TJS) сомасын енгізіп төлемді растай алады.

Барлық есептеулер қосымшаның ішінде автоматты түрде жүзеге асырылады: пайдаланушы соманы жергілікті валютаға е нгізеді, содан кейін Freedom SuperApp-та айырбастау жүргізіліп, теңгемен төлеуге соңғы сома көрсетіледі.

Бұл ретте теңгемен есептен шығарудың қорытынды сомасы және айырбастаудың өзекті коммерциялық бағамы төлем расталғанға дейін көрсетіледі. Бұл сатып алудың толық құнын алдын-ала түсінуге мүмкіндік береді және төлем процесін клиент үшін мүмкіндігінше ыңғайлы және ашық етеді.