Қағидалар мен лицензия
Кастодиан – қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, солар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары
Банк кастодиандық қызметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға «2024» жылғы «12» маусымдағы №1.2.253/45 Лицензия негізінде көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия
Банк кастодиандық қызмет аясында келесі қызмет түрлерін ұсынады
Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздардың номиналды ұсталуын жүзеге асыру
Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген активтерді есепке алу мен сақтау, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде олардың болуын қамтамасыз ету
Клиенттердің активтерін меншікті активтерге қатысты оқшауланған сақтау мен есепке алуды қамтамысыз ету
Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржылық құралдармен жасалатын мәмілелер бойынша төлем агентінің қызметтері
Клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге активтері бойынша кірістер алу және оларды клиенттердің шоттарына есепке алу
Клиенттің эмиссиялық бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу және оның осы бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растау
өз клиенттерінің активтерімен жасалатын мәмілелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілуін бақылау, соның ішінде Қағидаларда белгіленген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін, эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) активтерін, арнайы қаржы компаниясының активтерін және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдерін кепілдендіру резервтерінің, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянын өтеу резервін мақсатты орналастыруына (пайдалануды) бақылау
Қағидаларда белгіленген клиенттердің эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге де активтерінің шоттарын жүргізу және есепке алу технологиясын сақтау
Клиенттерге олардың шоттарының жай-күйі туралы есептілікті тұрақты негізде және олардың алғашқы талап етуі бойынша, ал кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарын ұстаушыларға – олардың алғашқы талап етуі бойынша ұсыну
Кастодианның есепке алу жүйесінде клиенттерге ашылған шоттардағы клиенттердің активтері туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету және бағалы қағаздар эмитенттерінің және орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша ақпаратты клиенттерге беру
Уәкілетті орган сұратқан ақпаратты беру
Кастодиандық шартта көзделген өзге де қызметтер.
Freedom банкінің артықшылықтары
- «Бір терезе» қағидаты бойынша кастодиандық қызметтер
- Әрбір клиентке икемді, жеке көзқарас
- Бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша шешімдерді бірлесе қарастыру
- Стандартты емес жағдайларға арналған тиімді әрі икемді шешімдер
- Жаңа жобаларды іске асыру арқылы ұзақ мерзімді серіктестік
Клиенттердің барлық негізгі түрлерімен жұмыс істеу тәжірибесі
Брокерлер
Дилерлер
Портфельді басқарушылар
Инвестициялық пай қорлары және акционерлік инвестициялық қорлар
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорлары
Сақтандыру компаниялары
Арнайы қаржы компаниялары
Біз ынтымақтастықтың жаңа нысандары мен түрлеріне дайынбыз.
ТолығырақЫнтымақтастықты бастау үшін қажет
Қажетті құжаттар топтамасын дайындап, банкке ұсыну
Ағымдағы шоттар ашу үшін банкке жүгіну
Кастодиандық қызмет көрсету шартын жасау
Кастодиандық шарт
Көрсетілетін қызметтердің түріне сәйкес ұсынылады және сұрау салу бойынша жіберіледі.
Байланыс ақпараты
Консультация және ынтымақтастық
Банк мамандары ынтымақтастық пен кастодиандық қызметке қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап береді және кастодиандық шартты жасаудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетеді.