Артықшылықтары
Айналым қаражатын толықтыру
Несие сомасы 100 млн ₸ дейін
Бизнесіңізге жасалатын
жеңілдетілген талдау
Жоғарылатылған несие лимиті
Freedom Bank-тегі шоттардың кредиттік
айналымдарының 40%-на дейін
Жылдам несие шешімі
5 жұмыс күніне дейін
Кепілсіз
Несие беру шарттары
Несие сомасы
100 млн ₸ дейін
Несие мөлшерлемесі
Жеке белгіленеді, жылдығы
21,25%-дан басталады
СЖТМ: 25%-дан
40%-ға дейін
Несие беру мерзімі
45 күнге дейін
Несие лимиті 12 айға дейінгі мерзімге белгіленеді
Бизнесті ұйымдастыру нысаны
- Жеке кәсіпкер
- Заңды тұлға
Несие беру мақсаты
Айналым қаражатын толықтыру
(қаржылық міндеттемелер мен инвестициялық шығындарды төлеуге қатысы жоқ ағымдағы немесе шұғыл төлемдерді төлеу)
Қамтамасыз ету
Кепілсіз
Жиі қойылатын сұрақтар
Овердрафт дегеніміз не?
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған овердрафт дегеніміз – ұйымның айналым қаражаты жетпей тұрған жағдайда банк беретін, орны толтырылып тұратын несие лимиті.
Freedom Bank-тен овердрафт алсаңыз, мақұлдау мен құжаттарға қол қою процесі тез өтеді, артынан несие қаражаты бірден сіздің шотыңызға түседі. Осыдан кейін қызметкерлеріңіздің жалақысы, жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер сияқты жедел төлемдерді төлей аласыз. Берілген лимит аясында бірнеше овердрафт ала аласыз.
Овердрафт алу үшін бизнеске қандай талаптар қойылады?
Овердрафт алу үшін бизнеске мына талаптар қойылады:
- Негізгі қызмет бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 12 ай;
- Соңғы 12 ай ішіндегі негізгі қызметінен Freedom Bank-те немесе басқа ЕДБ-де ашылған шоттарға тұрақты ақша ағынының болуы;
- Жалпы белгіленген салық режимін сақтау.
Овердрафт шарттары қандай?
Овердрафт шарттары:
- Мақсаты – айналым қаражатын толықтыру (ағымдағы/шұғыл міндеттемелерді және инвестициялық шығындарды төлеу);
- Сомасы – 1 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі жеке белгіленеді;
- Несие мерзімі – 12 айға дейін;
- Кепілсіз
Овердрафт алуға қандай құжаттар қажет?
Өтінім толтырғанда құжаттарды тіркеудің қажеті жоқ. Кейін овердрафт ресімдеген кезде банк менеджері қандай құжаттар қажет екені туралы айтады.
Бизнесті жеңілдетілген қаржылық талдау дегеніміз не?
Бизнесті жеңілдетілген қаржылық талдау – бұл компанияның қаржылық жағдайын жедел бағалап, несиелік қабілетін анықтау процесі.
Несиені қалай өтеу керек?
Несие бойынша негізгі қарыз бен пайыздар овердрафт мерзімінің соңында шотқа ақша түскен кезде автоматты түрде өтеледі. Несиені айыппұл мен комиссиясыз кез келген уақытта мерзімінен бұрын өтей аласыз. Пайыз тек овердрафтты қолданған күндерге есептеледі.