Жеке клиенттерге
Бизнес үшін
Банк туралы
FAQ

Заңды тұлғаларға арналған интернет-банкинг - Nov24

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • Жүйеге тіркелудегі және қызмет көрсетудегі ығайлылық
  • Интернет желісінің болуы жағдайында әлемнің кез келген жерінде тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қолжетімділік
  • Банк бөлімшесіне келмей-ақ шоттарды және шоттағы қалдықты басқару
  • Шот бойынша төлемдерді және аударымдарды өңдеу жылдамдығы
  • Шот бойынша операциялар жүргізудің қауіпсіздігі және құпиялылығы

Nova24 ИНТЕРНЕТ БАНКИНГІ ТӨМЕНДЕГІЛЕРГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ:

  • Теңгеде және шетел валютасында төлемдер мен аударымдар жөнелтуге
  • Шетел валютасын айырбастауға онлайн өтінім жасауға
  • Файлдарды 1С-тен МТ файлдарына импорттауға/экспорттауға
  • Жалақы, зейнетақы, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті мемлекеттік сақтандыру бойынша төлемдерді/жарналарды жүргізуге
  • Шоттар бойынша барлық үзінді түрлерін, кредиттер бойынша өтеу кестелерін, кредит желілеріндегі қолжетімді кредит қаражатын қарап шығуға
  • Төлемдер шаблонын және олардың төлемін жасау
  • Контрагенттер, клиенттер, қызметкерлер, Swift-аударымдарын алушы елдер, экономика секторлары кодтары және т.б. бойынша анықтамаларды пайдалану
  • Нақты уақыт режимінде банкте төлем құжаттарын өңдеу бойынша барлық кезеңді қадағалау

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ НЕМЕСЕ ЖИІ ТУЫНДАЙТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР:

Қалай қосылуға болады?

Әрекеттегі клиенттер үшін – қызмет көрсетуші шот менеджеріне бару. Жаңа клиенттер үшін – шот ашу үшін Банкке хабарласу

Nova24 жұмысында қандай қауіпсіздік жүйесі пайдаланылады?

Nova24 қауіпсіз жұмысы үшін клиентке etoken электронды-цифрлық қолтаңбамен, немесе OTP token бірегей біржолғы парольдер құрайтын құрылғы ұсынылады

Клиент Nova24 жүйесіне кіретін өз логинін ұмытып қалса не істеу керек?

Бұл жағдайда клиенттің Nova24 есептік жазбасын түзету талап етіледі. Клиент қызмет көрсетуші шот менеджеріне жүгінуі қажет

Егер клиент Nova24 жүйесіне енетін парольді ұмытып қалса не істеуі керек?

Клиент өтінішпен қызмет көрсететін менеджерге жүгінеді

Егер клиент паролін ұмытып қалса не істеуі керек?

Клиент шот менеджеріне барып, Nova24 жүйесінде нөлдеуге өтініш береді

Nova24 пайдаланушылар мәліметтерін ауыстырған кезде клиент нені орындайды?

Клиент растаушы құжаттарды қосымша беру өтінішімен қызмет көрсететін менеджерге барады

Уәкілетті тұлғаларды ауыстырған жағдайда клиент нені орындайды?

Клиент қолданыстағы кілтті жоюға және жаңасын шығару үшін құжаттардың толық пакетін ұсынады. Шоттарды ашқан/жапқан кезде клиент жаңа шоттарға рұқсатты көрсетумен өтініш ұсынуы керек

Клиенттің бастамасы бойынша парольді ауыстыру мүмкін бе?

Клиент etoken пароліне сияқты, жүйеге кіру паролін де ауыстыра алады